Келесі жылы футболдан Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына Еуропадан тікелей жолдама алған құрамалар толық анықталды. Кеше іріктеу кезеңінің соңғы тур ойындары өткен болатын. «С» тобында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы Дублинде Ирландиялық футболшылардан 3:1 есебімен ұтылды. Алма-кезек шабуылмен басталған ойында есепте қонақтар ашты. Қарсы шабуылдардың бірінде алаң иелерінің қорғанысындағы қателікті жерлестеріміз сәтті пайдаланып, 25 метрдей қашықтықтан Дмитрий Шомко керемет соққысымен көзге түсті. Алайда, бұл қуаныш узаққа созылған жоқ. Арада бес минут өтпей жатып Ирландиялықтар таразы басын теңестірді. Стандарттық жағдайлардың бірінде допқа ұмтылған Александр Кислицын қолымен ойнап, бас төреші пенальти белгіледі. 11 метр нүктеден мүлт кетпеген команда капитаны Робби Кин таразы басын теңестірді. Естеріңізде болса, былтыр Астанада өткен алғашқы ойында да Кин дәл осылай есепті теңестірген болаты. Көп ұзамай Джон Оши алаң иелерін алға шығарды. «Сандерленд» ойыншысының гол соғуына Сидельников жағдай жасап берді. Үзіліске дейін, Андрей Финонченко, екінші таймда Игорь Юрин мен Павел Шабалиндер алаңға тыңнан кіргенімен, ойында өзгеріс бола қоймады. Алаңға шыға сала бағын бір сынап көрген Юриннің соққысына дәлдік жетіспеді. Ал, матчтың нүктесін есепті ашқан Шомконың өзі қойды. Қазақстан құрамасы іріктеу кзеңіндегі 10 ойында бар болғаны 5 ұпай еншіледі. Бір жеңіс,екі тең ойын, турнир кестесінде де алты команданың ішінде бесінші орында. Енді бас бкомандада көптеген өзгерістердің болатындығы анық.
Мирослав Беранек – ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ Біз ойынды жақсы бастадық. Тамаша гол соқтық. Өкінішке қарай, ол есепті ұзақ ұстап тұра алмадық. Футболшылар қорғаныста бірнеше өрескел қателіктер жіберді. Соның салдарынан қақпамызға бір емес үш гол соғылды. Ирландия жеңіске лайықты өнер көрсетті. Бұл іріктеу кезеңі мен менің келісім шартымдағы соңғы ойын болды.