Шабуылшы Чемпиондар Лигасының "Қайратқа” қарсы кездесуінен кейін бүгінгі ойынды жіберуге мәжбүр болды.
21 тамызда өткен матчта Адам Айда жарақат алып қалды. Сол себептен, Брендан Роджерс клубтың өткен маусымдағы 10 млн еуроға сатып алған шабуылшысын бүгін матчқа қатысатын футболшылар тізіміне қоспады.
Айта кетейік, 24 жастағы ирландиялық “Қайратқа” қарсы өткен кездесуде толықтай өнер көрсетіп еді. Алайда шабуылшы Глазгодағы ойында атап айтарлықтай кһзге түсе алмады.
Жалпы Адамның шабуылшы ретінде гол соқпай жүргеніне 3 айдың жүзі болды. Соңғы рет Айда өз командасының Абердинге қарсы Чемпионшиптің плей-офф кезеңінде ерекшеленген еді. Содан бері ойыншы қатарынан 10 ойын өткізсе де, гол соға алмай келеді.
Қазірде “Селтиктің” жанкүйерлері өткен маусымның ең қымбат трансферлерінің бірі саналған Адам Айданы осы маусым соңында басқа командаға сатуын талап етуде. Фанаттар ирландиялықтың ойынына сыни көзбен қарауда екен.
Біздің серіктес: FONBET