Жарнама
Жарнама

Ішкі чемпионатта екі жыл қатарынан қаны қазақ сұрмерген көш бастауы мүмкін

2010 жылдан бері ұлты қазақ футболшылардың Премьер-лигада үздік сұрмерген атануын сирек көріп жүрміз.

Жарнама
Жарнама

Жоғары біріншіліктің 19 маусымынан бері голеадорлар тізімін тек шетел азаматтары бастап келеді екен. Мәселен, 2010 жылдан 2012 жылға дейін Өзбекстан азаматы Ұлықбек Бақаев “Тобыл”, “Жетісу”, “Ертіс” сапында дараланды. Одан кейін, беларус Зенькович “Ақжайық” пен “Шахтер” сапында 15 гол соғып, чемпионат үздігі атанды. 2014 жылдан кейін сұрмергендер көшінде нұқыл бразилиялық, хорватиялық, армениялық, португалдық спортшылар көш бастады. 2024 жылы ішкі чемпионаттың көптен күткен нәтижесі тіркелді. Сонау 2009 жылдан бері алғаш рет сұрмерген көшіне қазақ баласы шықты. Ислам Чесноков 2024 жылғы маусым қорытындысы бойынша 10 гол соғып, Николай Сигневич пен Жоао Пауломен бір қатарда болды. Еске салсақ, 2009 жылы Мұрат Тілешов 20 голымен голеадорлар тізімінде ешкімге дес бермеген еді. Биылғы маусымда да қазақ баласы үздік нәтиже көрсетуі мүмкін.  Қазірде Премьер-лиганың 19-туры аясында 9 гол соққан Дәурен Жұмат пен 8 гол соққан Дастан Сәтпаев Исламның жасағанын қайталауы ғажап емес. Бірақ ол үшін чемпионат соңына дейін бұл қос футболшыға Жоржиньо, Томасов және Назми Грипши сынды тәжірибелі ойыншылардан басым түсуі қажет. Сонда ғана өз қазағымыз чемпионатта дара тұрмақ. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: