Қазақстан құрамасының және "Тобыл" клубының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков алдағы маңызды матчтар мен өз болашағына қатысты пікір білдірді.
Соңғы уақытта БАҚ пен әлеуметтік желілерде оның Шотландияның "Хартс" клубына ауысуы мүмкін екені жайлы ақпараттар тараған болатын.
Лихтенштейнге қарсы жеңістен кейін командадағы көңіл-күй қалай?
— Атмосфера тамаша. Жеңістен кейін басқаша болуы да мүмкін емес деп ойлаймын. Бірақ бәріміз жақсы түсінеміз – ең басты ойын ертең өтеді.
— "Хартсқа” ауысуыңыз туралы қауесеттерге не дейсіз?
— Әркімнің өз пікірі бар, әлеуметтік желілерде кім не жазбайды дейсіз. Бірақ менің "Тобылмен” келісімшартым 31 қазанға дейін жарамды. Қазір мен "Тобылдың” ойыншысымын.
— Яғни әзірге бұл тақырыпқа түсініктеме бермейсіз бе?
— Иә, әзірге ештеңе айта алмаймын.
— Маусымның соңына жақындап қалдық. Өз ойыныңызды қалай бағалар едіңіз?
— Жеке ойынды бағалау – менің ісім емес, оны сырттан бағалау керек. Ал командалық тұрғыдан алғанда, көбірек нәтиже көрсетуге болатын еді. Жақсы мүмкіндіктеріміз болды, қазір де теориялық шанс бар. Барлығы соңғы турларға байланысты.
— Жалпы маусымға көңіліңіз тола ма?
— Біз бір трофей ұттық, сондықтан белгілі бір деңгейде риза болуға болады. Бірақ чемпионатта жоғары орындарға көтерілгіміз келген, өкінішке қарай, бұл мақсат толық орындалған жоқ. – деп сұхбат берді Чесноков Baq.kz-ке.
Біздің серіктес: FONBET