Ислам Чесноков «Ахматқа» ауыса ма?

30.07.2024, 11:23

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың «Ахматқа» ауысуы жайлы ақпарат тарауда. Алайда, бұл трансфер туралы ешқандай нақтылық болмай тұр.

Ислам Чесноков Қазақстан құрамасы сапында

Барлығы тек сыбыс күйінде қалуда. Бізге келіп жеткен мәліметке сай, қостанайлық клубтың капитанын алуға грозныйлық команданың бапкерлік құрамы мүдделі көрінеді. «Ахмат» пен оның бас бапкері Магомед Адиев осы арқылы грозныйлық ұжымның шабуыл өтінде қазақстандық тандем құруды көздейді. Айта кетейік, осыған дейін «Ахматқа» «Ақтөбеден» Максим Самородов барған болатын. Енді РПЛ өкілі тағы бір қазақстандық футболшыны өзінің қатарына қосқысы келеді. Жоғарыдай айтып өткеніміздей, Ислам Чесноковтың трансфері туралы нақты ақпарат жоқ алайда бұл мәселенің мән жайы жақын күндері белгілі болып қалатын секілді. Оның барысы туралы «Аладоп.кз» міндетті түрде ақпарат беретін болады.