Жарнама
Жарнама

Ислам Чесноков «Астананы» менсінбей ме? Елордалық клуб басшылары жартылай қорғаушыны көндіре алмапты

16.04.2025, 10:47

«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян «Футбол жолы» телеграмм-арнасына Ислам Чесноковтың іске аспай қалған трансфері туралы айтты.

Ислам Чесноков
Жарнама
Жарнама

Дәлірек айтсақ, қостанайлық «Тобылдың» футболшысы ҚПЛ емес, еуропалық чемпионаттардың бірін таңдайтынын алға тартып, елордалықтарға келісім бермеген көрінеді.

- Қазақстанда сіз өз командаңыздан көргіңіз келіп, келіссөз жүргізген алайда ол  іске аспай қалған футболшы бар ма? 

- Ислам Чесноков. Қызығушылық болды және біз онымен сөйлестік. Жеке өзім емес басшылық хабарласқан. Ол кезде түсінгеніміз – Чесноковтың көздегені еуропалық чемпионат еді. Оның жауабы мынадай болды: «Біз қазір еуропалық клубты таңдаудамыз». Ал «Астана» туралы мүлде әңгіме болған емес. Осылайша, бұл шаруа жай әңгімеден ары асқан жоқ», - деді Г. Бабаян. 

Өткен маусымда 25-жастағы жартылай қорғаушы ҚПЛ-дің үздік сұрмергені атанды – 21 матчта 10 гол. Биыл Ислам премьер-лигадағы 4 ойында 1 рет мергендік танытып, бір ассист берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров