«Хартс» бас бапкері Дерек Макиннес Ислам Чесноковтың дайындығы мен құрамға кірігуі жайлы ойын айтты.
Шотландиялық маманның пікірінше, қазақстандық жартылай қорғаушыға бейімделуге әлі де біраз уақыт керек.
«Жаттығуларды бақылап, байқағаным: бұл жігіттердің маусымдары қарашада аяқталып қойған. Футболдың динамикасы мен стилінің өзгеруі өз алдына күрделі үдеріс. Футболшыны дайындықсыз шығару – тәуекел. Сондықтан, мен футболшыларға қатысты әділетті болуым керек», - деді Д. Макиннес «Edinburgh News» басылымына берген сұхбатында.
«Хартс» 11-ақпанда «Хиберниан» командасымен жолығады. Ислам Чесноковтың сол күні алаңға шығатын мүмкіндігі бар. Соңғы рет отандасымыз 18-қаңтарда Кубоктік кездесуде бой көрсетті – «Фалкиркке» қарсы матчта қослақы құрамнан шығып, командасына пенальти алып берді.
Біздің серіктес: FONBET