Жарнама
Жарнама

Ислам Чесноков “Хартсқа” қашан қосылады? Бас бапкер мәлімдеме жасады

31.12.2025, 13:16

Шотландиялық "Хартс" клубының бас бапкері Дерек Маккиннес Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноковтың командаға келу мерзіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Келу уақыты мен тіркеу мәселесі

Бапкердің айтуынша, отандасымыз жұма күні, яғни сенбілік ойынның қарсаңында клуб базасына жетеді. Алайда Чесноковтың бірден алаңға шығуы екіталай. Мәселе құжаттарды ресімдеу мен ресми тіркеу процесіне тіреліп тұр.

"Ислам жұма күні келеді. Оны ресми түрде тіркеу үшін кем дегенде екі-үш күн қажет болуы мүмкін. Бұл біздің еркімізден тыс процесс, бірақ біз оның келуін асыға күтеміз." — деді Дерек Маккиннес.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров