"Крылья Советов" клубының бас директоры Тархан Джабраилов Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковпен келісімшарт жасасу себептері туралы айтып берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бас директордың айтуынша, Ислам Чесноков клубтың қызығушылық аясында бұрыннан болған және оның өнерін мамандар ұзақ уақыт бойы бақылап келген. Джабраилов Чесноковты команданың шабуылдағы әлеуетін айтарлықтай нығайта түсетін, жеке шеберлігі жоғары әрі білікті футболшы ретінде сипаттады.
Сонымен қатар, ойыншының жоғары орындар үшін таласудағы және Eyрокубоктық турнирлердегі тәжірибесі ерекше атап өтілді.
Клуб басшылығы бұл трансферді жүзеге асырудың сәті түскенін және келісім "Крылья Советов” үшін өте қолайлы әрі ыңғайлы шарттармен жасалғанын хабарлады. Ойыншы команда сапына кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу негізінде қосылып отыр.
Тархан Джабраилов бұл ауысуды клуб үшін өте сапалы толықтыру болатынына сенім білдірді.
Біздің серіктес: FONBET