Жарнама
Жарнама

Ислам Чесноков Шотландия чемпионатында ойнап кете ала ма? Сарапшылар жартылай қорғаушы жайлы ойын айтты

09.10.2025, 15:52

«Аладоп.кз» танымал маман Болат Есмағамбетовпен сұқбаттасып, Ислам Чесноков туралы пікірін білген.

Ислам Чесноков
Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, «Тобылдың» жартылай қорғаушысы чемпионат аяқталған соң шотландиялық «Хартс» сапына ауысуы ықтимал деген ақпарат бар. Футболшы мен шотландиялық ұжым трансфердің мән-жайын келісіп қойған ұқсайды.

«Бұл әңгіменің созылып келе жатқанына біраз болды ғой. Жаздан бері жорып жүрміз, клуб Чесноковты қалай жібереді? «Хартсқа» сата ма, жоқ басқалай бола ма? Енді менің естуімше, қазір футболшының келісімшарты аяқталған. Шотландияда тамыздан чемпионат басталған, бірінші айналымнан кейін трансферлік терезе ашылмақ. Соған қарағанда, Чесноков «Хартсқа» тегін кететін секілді. Енді ол жақтың біріншілігімен «Селтик» арқылы таныспыз деуге болады. Исламның жаңа чемпионатта өзін көрсете аларына сенімдімін. Шотландияда ойнай алатын деңгейге жеткен. Дәрежесін, деңгейін «Тобылда» да, ұлттық команда қатарында да көрсетіп берді. Ол жақта жемісті өнер көрсетіп жатса, таңқалмаймын. Дұрыс, сыртқа шығып ойнау керек, өзін көрсетуі тиіс. Исламға стилистика жағынан да бөтен болмауы керек Шотландия чемпионаты. Тіпті, «Хартстың» көшбасшысына айналатын әлеуеті бар. Шетелге барып ойнайтын футболшылар біздің ұлттық құрамаға да керек. Сол жақтан тәжірибе алады, өседі дегендей. Өз басым мен де сыртта ойнадым, қандай екенін жақсы білемін. Легионер болған соң барлық жағынан алдыңғы қатардан көрінуің керек, үлгі болуға тиіссің. Өйткені, сыртта саған ешкім көмектеспейді, өзіңді-өзің алға сүйрейсің», - деді Б. Есмағамбетов.

Ислам Чесноков ҚПЛ-2025-те 23 матчта 9 гол мен 4 ассисттің авторы атанды. Сондай-ақ, Қазақстан Кубогінде 4 ойында бір гол соққан. 25 жастағы жартылай қорғаушының нарықтық құны 900 мың еуро.  

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров