Жарнама
Жарнама

Ислам Чесноков Шотландия төрінде – Дебют матчына қашан қатысады?

18.12.2025, 13:45

Шотландиялық "Хартс" клубының бас бапкері Дерек Макиннес Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноковқа қатысты жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бапкердің айтуынша, Қазақстандық шабуылшы Рождествоның алғашқы күндерінде-ақ “Хартс” жейдесінде алаңға шығуы мүмкін.

Макиннес Чесноковтың командаға бейімделу процесін созғысы келмейді. Ол футболшыны желтоқсан айының соңында, яғни Католиктік жаңа жыл мейрамынан кейін бірден күтетінін жеткізді.

"Ислам бізге Рождестводан кейін келуі тиіс. Біз оны бірден жаттығу процесіне қосып, ұжымға бейімдей бастаймыз. Егер құжат мәселелері дер кезінде шешілсе, мен оны 3 қаңтар күні "Ливингстонға” қарсы матчта алаңға шығарамын деп үміттенемін.” — деді бас бапкер.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров