Қостанайлық "Тобылдың" үздік ойыншыларының бірі Ислам Чесноков клуб тарихына тағы бір елеулі із қалдырды. 25 жастағы жартылай қорғаушы Премьер лигадағы "Астанаға" қарсы матчта (2:3) өзінің 23-голын соғып, "Тобылдың" үздік сұрмергендер тізімінде жетінші орынға шықты.
Чесноковтың Премьер лигадағы жолы 2023 жылдың 4 наурызында басталған еді. Сол күні ол "Ақсуға” қарсы өткен кездесуде алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты. 76-минутта жас футболшы Жаслан Жұмашевқа жол беріп, алаңнан кеткенімен, дәл сол матчта Михаил Голубничийдің қақпасына өзінің ең алғашқы голын соғып, жанкүйерлер есінде қалды.
Бүгінгі күнге дейін Ислам Чесноков "Тобыл” сапында 63 матч өткізіп, 23 рет мергендігімен танылды.
"Тобылдың” үздік сұрмергендері (ҚПЛ 1992–2025):
Біздің серіктес: FONBET