Футболшы таяу арада көршілес Ресей чемпионатынан бір-ақ шығуы ғажап емес, деп хабарлайды Aladop.kz.
Елдар Аманбаевтың мәліметінше, ойыншының өкілдері дәл қазір Ресей Премьер Лигасына ауысу нұсқасын басты назарда ұстап отыр.
Чесноковтың трансферлік тағдырына жауапты өкілдер футболшының шеберлігін одан ары шыңдау үшін РПЛ клубтарымен келіссөздер жүргізуді жөн көрген. Бүгінгі таңда Pесейлік біріншілікке ауысу сценарийі ойыншының мансабын жалғастырудағы ең басты және ең жоғары басымдыққа ие бағыттардың бірі болып есептеледі.
Алайда, шетелдік ұжымдармен келісімге келу мүмкін болмаған жағдайда, Чесноков далада қалмайды. Өскемен футболының түлегіне отандық чемпионатта да сұраныс шаш етектен.
Егер шетелдік клубпен ортақ мәмілеге келу сәті түспесе, Чесноков Қазақстан чемпионатына қайта оралуы мүмкін. Қазірдің өзінде Қазақстан Премьер лигасының кем дегенде екі бірдей белді клубы талантты вингерді өз сапынан көргісі келіп, ерекше қызығушылық танытып отыр.
Біздің серіктес: FONBET