Жарнама
Жарнама

Ислам Чесноковтың "Хартс" сапындағы дебюттік кездесуінің қай күні екені белгілі болды

Бүгін, 08:32

Ислам Чесноковтың "Хартс" сапындағы дебюттік кездесуі осы жексенбіде болуы мүмкін.

Ислам Чесноков
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы жаңа клубының жейдесіндегі алғашқы кездесуін Шотландия Кубогінің 4-кезеңінде өткізуі ықтимал. Бұл “Фалкирк” командасына қарсы өтетін матч (18-желтоқсан). Ал кеше 26 жастағы вингердің жаңа ұжымы Шотландия премьер-лигасының кейінге шегерілген 17-турының аясында “Сент-Миррен” командасына қарсы өткен бәсекеде жеңіске жетті – 2:0. Ислам аталған матчта қосалқы құрамда қалды. Қазақстан құрамасының көшбасшысы “Данди Юнайтедке” қарсы өткен кездесуде де қосалқы құрамда қалған болатын. 

Ислам Чесноков 6-қаңтарда “Хартс” клубының жейдесін ресми түрде киді. Футболшының келісімшарты 2028-жылдың соңына дейін жарамды. Ислам жаңа командасында 99-нөмірмен өнер көрсетеді.     

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров