«Аладоп.кз» КЛ 3-іріктеу кезеңіндегі «Астана» - «Лозанна» кездесуінің қарсаңында елордалық клубтың бұрынғы футболшысы Исламбек Қуатпен хабарласып, ойын жайлы пікірін білген болатын.
Командалардың бірінші бәсекесі швейцариялықтардың жеңісімен аяқталған 3:1.
«Лозаннадағы ойынды тамашалағам жоқ. Бірақ әрине, Швейцария чемпионатының әлеуетін барлығымыз білеміз. Елордалық клубтың мүмкіндігі бар деп есептеймін. Ол үшін алаң иелері бүгін бірінші таймда гол салуы керек. Реті келсе жылдам гол салғаны жақсы болар еді. Қалай дегенде де «Астанаға» сәттілік тілеймін! «Қайрат» секілді келесі кезеңге шығады деп сенемін. Негізгі кезеңге екі бірдей командамыз шығып жатса, керемет болар еді. Коэффициентіміз өседі. Бәріміз енді маңызды матчтарды көреміз, бәріміз де қолдаймыз», - деді «Жеңістің» жартылай қорғаушысы.
«Астана» - «Лозанна» ойыны бүгін 19:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET