Жарнама
Жарнама

Исламбек Қуат: «Әр матч сайын жақсырақ ойнауға тырысамын»

16.04.2021, 00:03
Исламбек кешегі матчта екі нәтижелі пасты өз еншісіне жазған екен.
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан чемпионатының 5-ші турында «Астана» сырт алаңда «Ордабасы» командасын ірі есеппен ұтты. Сол ойындағы қаһармандардың бірі – Исламбек Қуат. Елордалық команданың жартылай қорғаушы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында өткен ойында жеңіске жетелеген факторлар туралы айтып берді, сондай-ақ чемпиондыққа үміткерлерді болжап, «Ақтөбе», «Тараз» және «Қызыл-Жар» командаларының жақсы ойындарын атап өтті.

- Исламбек, «Ордабасыға» қарсы ойнағанға дейін соңғы рет қай кезде екі нәтижелі пас бергеніңіз есіңізде ме? Жалпы алғанда, сіз команданың шабуылына белсенді араластыңыз, бұл ойын алдындағы жоспар ма әлде сәйкестік пе?

- Мен жеке статистикаға мән бермеймін, мен үшін ең бастысы – команданың нәтижесі. Шабуылдағы әрекеттеріме келсек, бапкерлер штабы бізге әрдайым шабуыл тобына көмектесіп тұрыңдар дейді, сондықтан бапкер тапсырмаларын барынша орындауға тырысамыз.

- Сіздің «Астанадағы» ойын уақытыңыз әр матч сайын артып отырды, қазір толық 90 минут ойнадыңыз. Бұл өз формаңызға келдіңіз деген сөз бе?

- Мен толық матч ойнамағалы көп болды, сондықтан өзімнің оңтайлы формама келдім деп айту әлі ерте шығар. Дегенмен әр ойын сайын күш жинап, жақсы ойын көрсетуге үміттімін.

- «Астана» «Ордабасыны» алаң ортасында жеңді деп айтуға бола ма? Себебі елордалық команданың жартылай қорғанысында сіз, Чуперка және Шимунович сияқты тәжірибелі футболшылар ойнаса, қарсылас командада жас Астанов пен Шәмші болды.

- Біз бұл матчта команда ретінде ойнауға тырыстық, әрине, қателіктер де болды, бірақ меніңше біз жеңіске тек командалық ойынның арқасында жеттік.

- Маусымның қазіргі кезеңінде турнир кестесін бақылап отырасыз ба әлде қазір ол маңызды емес пе? Сондай-ақ ел чемпионатының көшбасшылары қатарында «Тараз» сияқты команданың болуы сізді қаншалықты таң қалдырды?

- Әзірге турнирдегі жағдайға қатысты нақты бірдеңе айту ерте, себебі бар-жоғы 5 тур өтті. Менің ойымша, енді 3-4 тур өтуі керек, сол кезде биыл қай команда қандай орынға таласатыны көріне бастайды. Дегенмен фавориттер өзгерген жоқ, олар сол «Астана», «Қайрат», «Тобыл» және «Ордабасы». Меніңше, чемпиондыққа дәл осы командалар таласады. Дегенмен біріншілік басында «Тараз», «Ақтөбе», «Қызыл-Жар» сияқты командалар жақсы нәтиже көрсетіп жатыр, сондықтан чемпионат қызықты болады деп ойлаймын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров