Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат «Астана» сапына қайтып оралды. 28 жастағы футболшы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында өз эмоцияларымен бөлісті:
- Үйге оралғаныма қуаныштымын! Мен «Астананың» тәрбиеленушісімін, мансабымды осында бастадым, туған қалама қайта оралу маған мансабымды қайта бастауға көмектеседі деп сенемін.
- «Астана» сапына қайта оралу туралы шешім қабылдауға не түрткі болды?
- Таңдау жасауымдағы басты себеп - басшылық пен бас бапкер маған қызығушылық танытты. Андрей Валерьевич жеке әңгімесінде маған сенетінін айтты, қазір мен үшін бұл өте маңызды, өйткені соңғы уақытттарда ойнамай жүрмін, Қазақстан құрамасына оралып, командаға пайдамды тигізгім келеді.
Біздің серіктес: FONBET