Жарнама
Жарнама

Исламбек Қуат «Астанамен» келісім-шартын ұзартты

21.12.2021, 21:57
Қазақстандық футболшы ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойды.
Жарнама
Жарнама

«Астана» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуатпен келісім-шартты ұзартқанын мәлімдеді. Соған сәйкеc, 28 жастағы футболшы алдағы үш жыл бойы елордалық клубта өнер көрсететін болады.

Исламбек Қуат «Астанаға» өткен маусымның басында «Химкиден» ауысып келген болатын. Содан бері Премьер-лигада 23 матч өткізіп, бір гол соқты және үш мәрте әріптестерінің көзге түсуіне мүмкіндік жасады.

Одан бөлек, Қуат биыл Қазақстан құрамасына тұрақты түрде шақыртылып тұрды және әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 6 матчқа қатысты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров