Жарнама
Жарнама

Исламбек Қуат мансабын «Ақтөбеде» жалғастыруы мүмкін

30.10.2021, 00:57
Футболшыға «Ақтөбенің» бас бапкері қызығып отыр.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Астана» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуатқа «Ақтөбенің» жаттықтырушылар штабы көз тігіп отыр.

28 жастағы ойыншыға «Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Мұханов қызығушылық танытуда. 2012 жылғы маусымда Қуат Мұхановтың жетекшілігімен «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен еді.

Қос тарап келіссөздер жүргізіп үлгерген екен. Нақты шешім ағымдағы маусымның соңында қабылданады.

Биылғы маусымда Қуат Премьер-лигада «Астана» үшін 22 матч өткізіп, бір гол соқты, бір нәтижелі пас берді. Сондай-ақ 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бес ойын өткізіп, бір гол соққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров