Қазақстандық жартылай қорғаушы Исламбек Қуат ресейлік «Химкиге» еркін агент ретінде ауысады, деп хабарлайды «РБ Спорт».
Ақпарат көзінің хабарлауынша, трансфер ұлттық құрамалардың матчтарына арналған үзіліс кезінде жасалады. Сондай-ақ, Мәскеу облысының клубы Беларусь құрамасы мен Бресттің «Динамосында» ойнайтын қорғаушы Александр Павловецті қатарына қосуды жоспарлап отыр.
Ресей чемпионатында алты турдан кейін «Химки» үш ұпаймен 16 клубтың ішінде 15-орында тұр.
Естеріңізге сала кетейік, Қуат осы жылдың қаңтар мен шілде айларынының аралығында «Оренбургте» ойнады. Қазақстандық РПЛ аясында үш матч өткізді.
Біздің серіктес: FONBET