Жарнама
Жарнама

Исламбек Қуат Словакиямен болатын ойынға қатыспайды

11.06.2022, 22:24
Словакия сапында Милан Шкриньяр мен Владимир Вайсс бұл ойынға қатыспайды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат дисквалификацияға байланысты УЕФА Ұлттар лигасының төртінші турында Словакиямен болатын ойынға қатыса алмайды.

Беларусь құрамасына қарсы өткен матчта Қуат осы турнирдегі екінші сары қағазын алды. Осылайша, Исламбек Словакиямен болатын кездесуден шеттетілді. Оны жарақатына байланысты сырт алаңдағы матчтарға қатыса алмаған Асхат Тағыберген алмастырады.

Еске салайық, Қазақстан мен Словакия құрамалары арасындағы ойын 13 маусымда «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров