Исламхан «Аль-Айн» командасында қала ма?

06.06.2020, 22:21
Біріккен Араб Әмірліктерінің «Аль-Айн» клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханды командада алып қалғысы келеді.

Бұл туралы клубтың твиттер желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Команданың бас бапкері Педро Эмануэль клуб басшылығынан Бауыржан Исламхан мен венгриялық Балаж Джуджакты сақтап қалуды сұрап отыр.

Еске сала кетелік, Исламхан «Аль-Айн» командасына осы жылдың 31 қаңтарында ауысты. Осыған дейін 10 ойын өткізіп 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.