Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан ойнайтын «Аль-Айн» командасы Азия Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші турында катарлық «Аль-Саддпен» тең ойнады.
Бірінші таймнан кейін Исламханның голының арқасында «Аль-Айн» 2:1 есебімен алға шықты. Бірақ матчтың екінші жартысында Катарлық команда есепті теңестіріп кетті. Алдымен Испанияның жұлдызды легионері Санти Касорла ерекшеленді, содан кейін Багдад Бунеджа командасын алға шығарды. Ал "Аль-Саддтың" қорғаушысы Бойлем Хухи өз қақпасына гол соғып алды - 3:3.
Қалған уақытта Хави шәкірттері қанша тырысқанымен, есеп өзгерген жоқ. Ағымдағы турнирде "Аль-Айн" алғашқы ұпайын жинады, ал "Аль-Садд" бес ұпаймен бірінші орынды сақтап қалды.
Біздің серіктес: FONBET