"Кубань" сапында өнер көзресететін Бауыржан Исламхан қашан алаңға шығады деген сауал барша қазақстандық футболсүйер қауымның ойында жүргені рас. Осы жақында ғана қосалқы құрам ойыншыларымен жолдастық кездесуде алаңға шыққан Бауыржанды бас команданың жаттықтырушылары негізгі құрамға шақыртуы әбден ықтимал. 31 наурыз күні "Лужники" стадионында өтетін ойынға қатысатын ойыншылар тізімінде Исламханның қосылатыны жайында бейресми ақпараттар баршылық.
Не де болса Исламханның жақын арада "Кубань" сапында міндетті түрде алаңға шығатыны анық. Ақырын күтсек, түбі ол жағдайға да куә болармыз.