Жарнама
Жарнама

Исламханның қайда ойнайтыны белгілі болды

16.07.2020, 01:49
Бізге Ұлттар Лигасында Бауыржанның көмегі керек-ақ
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан «Аль-Айн» клубымен келісімшарт жасасуға шешім қабылдады.

Жаңа келісім ұзақ мерзімді болады. Қазақстандық жартылай қорғаушы мансабын Ресейде жалғастырады деп үміттенген, бірақ РПЛ клубтары оны алу үшін маусымның соңын күтеді, содан кейін ғана олар ойыншыны алу туралы мәселені қарастырмақ.

Сонымен қатар, Бауыржанды "Аль-Айн" клубы өзінде сақтап қалғысы келген. БАӘ клубы қазақстандыққа бірнеше жылға жаңа келісімшарт ұсынды. Алдағы күндері "Аль-Айн" Исламханмен келісім жасалғандығы туралы ресми түрде хабарлайды. Еске сала кетейік, бұған дейін 27 жастағы жартылай қорғаушы "Аль-Айн" үшін он матч өткізіп, бір гол соқты. Дәл қазіргі уақытта Катарлық клуб ойыншыларды базаға жинап жатыр және шілде айының екінші жартысында жаңа маусымға дайындықты бастайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров