Жарнама
Жарнама

Испан Примьерасы

17.02.2014, 19:48
Жарнама
Жарнама
"Барселона"-"Райо Вальекано". Бұл бәрі де тайға таңба басқандай анық. "Блауграна" алтынға таласса, Райо Примьерда келесі маусымда қатысу құқығына ие болу үшін, жанын шүберекке түйіп таласуда. Херардо Мартино шәкірттері қарсыластың бар екенін алаңда тіпті елемей, жермен-жексен етті.  Екінші минутта Адриано есеп ашты. Ал, төрешінің тайм аяқталғанын жариялар ысқырығына 10 минутта қалған кезде Месси есепті еселеді. Бірінші бөліктің нәтижесі 2-0! Екінші таймда, қонақтар қақпашысы Рубен қақпасына 4 гол соғылды. Санчес, Педро, Месси, Неймар гол авторлары. Бір қызығы бұл ойындағы 6 голдың, 5 голының авторлары Оңтүстік Америка өкілдері. Адриано, Неймар-Бразилия. Месси-Аргентина. Санчес-Чили.
 

15 ақпан.Барселона."Камп Ноу". Төреші- Хуан Мунера (Бенидорм).

БАРСЕЛОНА - РАЙО ВАЛЬЕКАНО - 6:0 (2:0)
 Адриано, 2 (1:0). Месси, 36 (2:0). Санчес, 53 (3:0). Педро, 56 (4:0). Месси, 68 (5:0). Неймар, 89 (6:0).
Барселона Райо Вальекано
 Виктор Вальдес  Рубен
 Адриано  Йохан Моджика
 Карлес Пуйоль, 68  Сауль
 Херард Пике  Зе Каштру
 Даниэл Алвес  Анаиц Арбилья, 42
 Андрес Иньеста  Роберто Трашоррас
 Серхио Бускетс  Рауль Баэна
 Сеск Фабрегас  Яго
 Педро, 62  Альберто Буэно, 62
 Алексис Санчес  Рубен Рочина
 Лионель Месси, 74  Хоакин Ларривей, 73
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Неймар, 62  Роберто Тито, 42
 Хавьер Маскерано, 68  Хонатан Виера, 62
 Кристиан Тельо, 74  Самуэле Лонго, 73

Ескертулер:

Соңғы 3 кездесуде жеңіс дәмін татпаған "Атлетико", өз алаңында "Вальядолидті" қабылдады. "Реал Мадридтен" екі жеңілісі, чемпионаттағы "Альмерияға" жеңілісі "матрасниктер" жанкүйерлерін біраз алаңдатқаны анық. Онымен қоса көшбасшылық орнынан да айырылған еді.  Бірақ, бұл ойында қонақтар, қаһарлы арыстанның қаһарына тап болды. Шәкірттерін Диего Симоне біраз қайраған болуы керек, футболшылар алаңға атып шығып шабуылға тап берді. Ойынның басталысымен бір минут ішінде ізбе-із екі голды тоғытты. Гол авторлары-Рауль Гарсия мен Диего Коста. Осыдан кейін, есін жия алмай есеңгіреген қонақтар, бірінші тайм аяғына дейін Куртуа қорғаған қақпа маңында жарытып ештене өндіре алмады. Ал, алаң иелері екінші таймда Годин голынан кейін, есепті ірілеп сенімді жеңіске жетті.

15 ақпан. Мадрид. Стадион "Висенте Кальдерон". Төреші - Прието Иглесиас (Памплона).

АТЛЕТИКО - ВАЛЬЯДОЛИД - 3:0 (2:0)
 Рауль Гарсия, 3 (1:0). Диего Коста, 4 (2:0). Годин, 74 (3:0).
Атлетико Вальядолид
 Тибо Куртуа  Диего Мариньо
 Эмилиано Инсуа  Карлос Пенья
 Диего Годин  Стефан Митрович
 Тоби Алдервейрелд  Марк Вальенте
 Хуанфран  Антонио Рукавина
 Арда Туран, 75  Фаусто Росси
 Марио Суарес  Альваро Рубио
 Габи  Омар Рамос, 46
 Коке, 79  Виктор Перес
 Диего Коста  Даниэль Ларссон, 72
 Рауль Гарсия, 64  Хави Герра, 79
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Диего, 64  Умберто Осорио, 46
 Давид Вилья, 75  Вальдет Рама, 72
 Хосе Эрнесто Соса, 79  Манушу, 79

Ескертулер:

   Виктор Перес, 82
   Карлос Пенья, 83
   Стефан Митрович, 86
"Блауграна" мен "матрасниктер" ізінен корольдік клуб та жеңіске жетті. Көш басында тағы шиеленіс, үш ұжымда да бірдей ұпай. Ойынның 5-ші минутында-ақ Хесе есеп ашты. Алаң иелері тез ес жиып, есепті теңестіруге ұмтылғанымен, қарымта шабуылда тағы гол жіберді. Гол авторы-Бензама. ойынның екінші бөлігінде Модрич есепті ірілеп матч нүктесін қойды. Жалпы, 2014-ші жыл Анчелотти шәкірттері үшін сәтті басталды. Тек Бильбаода болған ойында ғана ұпай жоғалтқаны бар. Қалғанынының бәрі жеңіс. Нәтиже көзге ұрып тұр, кубокта финалға шықты, ал чемпионатта "Атлетико" мен "Барселонаны" қуып жетті.
 

16 ақпан. Хетафе. Стадион "Колисео Алфонсо Перес". Төреші- Педро Монтеро (Альмерия).

ХЕТАФЕ - РЕАЛ МАДРИД - 0:3 (0:2)
 Хесе, 5 (0:1). Бензема, 27 (0:2). Модрич, 66 (0:3).
Хетафе Реал Мадрид
 Мигель Анхель Мойя  Диего Лопес
 Карлос Вигарай  Марсело
 Алексис  Серхио Рамос
 Лисандро Лопес  Пепе
 Хуан Валера  Альваро Арбелоа
 Хуан Родригес  Анхель Ди Мария, 83
 Борха, 64  Хаби Алонсо
 Хайме Гавилан  Лука Модрич, 80
 Диего Кастро  Хесе
 Педро Леон, 72  Гарет Бэйл
 Адриан Колунга, 53  Карим Бензема, 75
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Лафита, 53  Иско, 75
 Мехди Ласен, 64  Асиер Илльярраменди, 80
 Пабло Сарабия, 72  Каземиро, 83

Ескертулер:

 Хуан Родригес, 38  Гарет Бэйл, 27
 Алексис, 51  Карим Бензема, 51
 Хуан Валера, 68  Лука Модрич, 75
   Анхель Ди Мария, 77

 

Испан Примьерасының 24-ші турының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Эльче-Осасуна-0:0 Леванте-Альмерия-1:0 Гол: Барраль, 62(1:0). Вильяреал-Сельта-0:2 Голдар: Орельяна, 83(0:1). Нолито, 90(0:2). Гранада-Бетис-1:0 Гол: Пити, 31(1:0). Атлетик-Эспаньол-1:2 Голдар: Серхио Гарсия, 6(0:1). Гурпети, 56(1:1). Колотта, 65(1:2). Севилья-Валенсия-0:0

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  БАРСЕЛОНА 24 19 3 2 69-17 60
2  РЕАЛ МАДРИД 24 19 3 2 68-24 60
3  АТЛЕТИКО 24 19 3 2 59-16 60
4  АТЛЕТИК 24 13 5 6 43-30 44
5  ВИЛЬЯРРЕАЛ 24 12 4 8 44-29 40
6  РЕАЛ СОСЬЕДАД 23 10 7 6 42-34 37
7  СЕВИЛЬЯ 24 8 8 8 42-41 32
8  ВАЛЕНСИЯ 24 9 5 10 36-35 32
9  ЭСПАНЬОЛ 24 9 5 10 28-30 32
10  ЛЕВАНТЕ 24 8 8 8 23-30 32
11  СЕЛЬТА 24 8 5 11 31-35 29
12  ГРАНАДА 24 8 3 13 21-30 27
13  ОСАСУНА 24 7 5 12 21-37 26
14  ЭЛЬЧЕ 24 6 8 10 22-34 26
15  АЛЬМЕРИЯ 24 7 4 13 24-42 25
16  ХЕТАФЕ 24 7 4 13 22-39 25
17  МАЛАГА 23 6 6 11 23-33 24
18  ВАЛЬЯДОЛИД 24 4 9 11 26-42 21
19  РАЙО ВАЛЬЕКАНО 24 6 2 16 25-58 20
20  БЕТИС 24 3 5 16 20-53 14

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров