"Мен өз ойыншыларымды мақтан тұтамын!" Бұл "Атлетико Мадрид" жаттықтырушысы Диего Симоненің "Реалға" қарсы ойынынан кейін айтқан сөзі. Әрине, мұндай жан кешті команданы неге мақтан тұтпасқа? Шындыққа тура қарар болсақ, бұл ойын тең аяқталған "Атлетико Мадрид" жеңісі!
Мейлі, бұл мақалаға не деп пікір жазса да, мен шындықты айтып шырылдаймын! Пепенің актерлық шеберлігі, 100 пайыздық Рамостың Костаға қарсы тәртіп бұзуы, төрешілердің басқаның бәрі көрген сөзсіз пенальти, Арбелоаның Костаға қарсы тәртіп бұзуы, Костаға әділетсіз көрсетілген сары қағаз. Осының бәрі шындық емес пе? Төрешілердің қателігінде шек болған жоқ, бұл ойында! Әділетсіздік, тіпті сабырлы "Атлетико" жаттықтырушыларының өзің ашуға булықтырды.
"Атлетико", жарады! Жақында ғана "корольдік командадан" оңбай жеңілген бұл ұжым, бұл ойында тек қана жеңісті ойлағаны анық. Бензаманың жылдам соғылған голынан кейін, бұл жоспарлары тас-талқан болып, психогологиялық проблемаға тап болардай көрінген. Бірақ, еңсе түсірмей Лопес қақпасының маңын айналшықтады, шабуылдады. 11-ші минуттағы сол эпизод. 110 пайыздық пенальти! Көрсетілген қайталаулардың өзі Рамос тізесімен Кoстаны шалып құлатқанын айқындап берді. Бас қазы осы кезде-ақ ойын тізгінін өз қолынан шығарып алды. Ойыншылардың сабырға келуіне, біраз уақыт қажет болды, әсіресе, "матрасниктердің". Оларды да түсінуге болады, әділетсіздік бар жерде негативтік эмоцияның да бар болатыны анық. Нәтижесінде, Арда Туран сары қағаздың иесі атанды. Алаң иелерінің шабуылдары 28-ші минутында өз нәтижесін беріп, Туран пасынан кейін Коке есепті теңестірді. Осыдан кейін, алаңда тең ойын өрбігенімен, тайм аяғында Гоби өзінің 35-- метрдей қашықтықтан бағытталған жойқын соққысынан кейін, өз командасын алға шығарды. Төрешінің ысқырығы бірінші тайм аяқталғанын белгіледі.
Екінші таймның басы да Симоне шәкірттерінің басымдылығымен басталды. Костаның қауіпті орындаған айып соққысы, тағы да бірнеше қауіпті сәттер. 55-ші минутта тағы да күмәнді сәт орындалды. Роналду соққысынан кейін, әрине айып алаңында Габидің қолына доп тиді. Бірақ, олай қалай тиді? Доп тиген қол Габидің көкіргеніне жабысып тұрды. Егер, ол қол болмаса да, доп Габидің көкіргеніне тиетіні анық еді. Ондай сәтте ереже бойынша, тәртіп бұзушылық тіркелмейді. Бірақ, есепті теңестіруге ұмтылған "Реал", 82-ші минутта өз дегеніне жетті. Роналду соққысынан кейін, есеп теңесіп, матч нүктесі қойылды. Әрине, бұл нәтиже Анчелотти шәкірттерінің пайдасына. Біріншіден, "Атлетикодан" ара-қашықтығын сол қалпында қалдырды, екіншіден "Барселона" жеңіске жетіп жатса да қуып жете алмайды. Қайткен күнде де, мадридік дерби күтілген тартысты ойынды бізге сыйлады!
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Турнир кестесі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Біздің серіктес: FONBET