Жарнама
Жарнама

Испан Примьерасы. Алыптар сүрінер емес!

07.04.2014, 05:07
Жарнама
Жарнама
Барселонада тиімді нәтижеге қол жеткізген "Атлетико", бүгін бар назарын Примьерға аударды. Оларға бүгін қонаққа келетін қайсар "Вильяреал". Өткен жылы Сегундада өнер көрсетіп жүрген ұжым, осы жылы чемпионат арқылы еурокубоктерге жолдама алуға дәмелі. Уақытында Пеллегрини баптауымен Чемпиондар Лигасының жартылай финалына дейін жеткен команда, қаржылық дағдарысқа тап болып, ол проблемасын соңғы 2-3 көлемінде ғана шешкендей. Бірақ, бүгін шын мықты жеңіске жетті. "Атлетико" қайсар қарсыластарға қалай ойнау керектігін біледі. Құрамында негізгі ойыншы Диего Коста болмаса да, бүгін "Вильяреалдан" келген қонақтардың сағын сындырды. Ойынның басында жылдам голды соғып алған Симоне шәкірттері, бүкіл матч бойы бар күшін сол есепті ұстап тұруға жұмсады. Бар күшін деу артықтық болар, "Вильяреалдың" тұшымды шабуылдары өте аз болды, онымен қоса матрасниктердің жартылай қорғанысы қонақтардың жылдам шабуылдарын тоқтата білді. Ең маңыздыны еншіледі. Жеңіске жетіп бірінші орынды сақтап қалды.

5 сәуір. Мадрид. Стадион "Висенте Кальдерон". Төреші- Жиль Мансано (Дон-Бенито).

АТЛЕТИКО - ВИЛЬЯРРЕАЛ - 1:0 (1:0)
 Рауль Гарсия, 14 (1:0).
Атлетико Вильярреал
 Тибо Куртуа  Серхио Асенхо
 Фелипе  Боян Йокич
 Диего Годин  Александар Пантич
 Тоби Алдервейрелд  Габриэл Паулиста
 Хуанфран  Марио
 Диего, 70  Бруно
 Марио Суарес  Томас Пина
 Коке  Кани, 82
 Кристиан Родригес, 57  Ману Тригерос, 69
 Рауль Гарсия  Хоан Анхель Роман, 63
 Давид Вилья, 61  Жереми Пербет
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Тиагу Мендеш, 57  Хавьер Акино, 63
 Адриан, 61  Хонатан Перейра, 69
 Хосе Эрнесто Соса, 70  Мои Гомес, 82

Ескертулер:

 Коке, 67  Габриэл Паулиста, 42
 Рауль Гарсия, 69  
 Марио Суарес, 80  

 

"Барселона" соңғы орындағы "Бетисті" қабылдады. Әлем күткендей Барса үшін бұл ойын айтарлықтай оңайға түспесе де, тиімді нәтижеге қол жеткізді. Ойсырата жеңеді деген болжамдар дәл шықпады. Маусым аяғында 2-3 алаңда шайқасып жатқан командаларды түсінуге болады. Маусым басы емес, футболшылар да шаршайды, команда чемпионатта көп күш жұмсамай жеңіске жетуге тырысады.

5 сәуір. Барселона. Стадион "Камп Ноу". Төреші - Прието Иглесиас (Памплона).

БАРСЕЛОНА - БЕТИС - 3:1 (1:0)
 Месси, 15 - пенальтиден(1:0). Хорди, 67 - өз қақпасына (2:0). Рубен Кастро, 68 (2:1). Месси, 86 (3:1).
 Месси, 86 (қақпашы).
Барселона Бетис
 Хосе Мануэль Пинто  Антонио Адан
 Адриано  Хуан Карлос
 Хавьер Маскерано  Хорди
 Марк Бартра  Антонио Амайя
 Даниэл Алвес  Хуанфран
 Хави, 88  Ноно
 Серхио Бускетс  Альфред Ндиайе
 Андрес Иньеста, 79  Лоренсо Рейес
 Педро, 79  Альваро Вадильо, 61
 Алексис Санчес  Мабвати Седрик
 Лионель Месси  Лео Баптистао, 82
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Сеск Фабрегас, 79  Хорхе Молина, 61
 Неймар, 79  Рубен Кастро, 61
 Александр Сонг, 88  Брайан Родригес, 82

Ескертулер:

   Лоренсо Рейес, 60
   Антонио Амайя, 77

 

"Реал" басты қарсыластары "Атлетико", "Барселонамен" салыстырғанда сенімді жеңіске жетті. Олар қонаққа Сан-Себастьянға барғантұғын. Жергілікті "Реал Сосьедад" өз алаңында алпауыттармен қасық қаны қалғанша шайқасатын ұжым, оған дәлел осы жылы "Барселонаны жеңуі". Бүгін де солай болды, бірақ бірінші таймда ғана. "Реал Сосьедадта" есепті ашатын бірнеше мүмкіндіктер болғанымен, оларды пайдалана алмай, оның өтеуі екінші таймда келді. Үзілісте Анчелотти жігіттерін біраз қайраған болуы керек, екінші таймда толықтай матч тағдырын шешіп қарсыласын жермен-жексен етті.
 

5 сәуір. Сан Себастьян. Стадион "Аноэта". Төреші- Алехандро Эрнандес (Санта-Крус-де-Тенерифе).

РЕАЛ СОСЬЕДАД - РЕАЛ МАДРИД - 0:4 (0:1)
 Илльярраменди, 45 (0:1). Бэйл, 66 (0:2). Пепе, 85 (0:3). Мората, 88 (0:4).
Реал Сосьедад Реал Мадрид
 Клаудио Браво  Диего Лопес
 Хосе Анхель, 18  Начо
 Иньиго Мартинес  Серхио Рамос
 Микель Гонсалес, 74  Пепе
 Карлос Мартинес  Даниэль Карвахаль
 Серхио Каналес  Асиер Илльярраменди
 Маркел Бергара  Хаби Алонсо, 88
 Горка Элустондо  Лука Модрич
 Давид Сурутуса, 63  Гарет Бэйл, 86
 Антуан Гризманн  Иско, 81
 Карлос Вела  Карим Бензема
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Ион Ансотеги, 18  Анхель Ди Мария, 81
 Иманол Агирретче, 63  Альваро Мората, 86
 Рубен Пардо, 74  Каземиро, 88

Ескертулер:

 Микель Гонсалес, 48  Хаби Алонсо, 40
 Иньиго Мартинес, 56  Асиер Илльярраменди, 50
 Маркел Бергара, 71  Даниэль Карвахаль, 90+1

 

Испан Примьерасының 32-ші турының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Альмерия-Осасуна-1:2 Голдар: Риера, 19 (0:1). Аррибас, 33 (0:2). Сорьяно, 73 (1:2). Райо Вальекано-Сельта-3:0 Голдар: Рочина, 26 (1:0). Буэно, 49 (2:0). Буэно, 60 (3:0). Малага-Гранада-4:1 Голдар: Камачо, 14 (1:0). Камачо, 37 (2:0). Амрабат, 50 - пенальтиден (3:0). Хуанми, 74 (4:0). Эль-Араби, 78 (4:1). Эльче-Хетафе-1:0 Голдар: Боакье, 90+3 (1:0).

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  АТЛЕТИКО 32 25 4 3 70-22 79
2  БАРСЕЛОНА 32 25 3 4 92-26 78
3  РЕАЛ МАДРИД 32 24 4 4 90-32 76
4  АТЛЕТИК 31 16 8 7 53-34 56
5  СЕВИЛЬЯ 31 14 8 9 55-46 50
6  РЕАЛ СОСЬЕДАД 32 14 8 10 54-48 50
7  ВИЛЬЯРРЕАЛ 32 14 7 11 51-38 49
8  ВАЛЕНСИЯ 31 11 7 13 44-45 40
9  ЭСПАНЬОЛ 31 11 7 13 34-36 40
10  ЛЕВАНТЕ 31 10 10 11 29-38 40
11  МАЛАГА 32 10 8 14 35-40 38
12  РАЙО ВАЛЬЕКАНО 32 11 3 18 37-68 36
13  СЕЛЬТА 32 10 6 16 34-47 36
14  ЭЛЬЧЕ 32 8 11 13 26-42 35
15  ГРАНАДА 32 10 4 18 29-46 34
16  ОСАСУНА 32 9 6 17 28-53 33
17  ХЕТАФЕ 32 8 7 17 29-49 31
18  ВАЛЬЯДОЛИД 31 6 12 13 32-50 30
19  АЛЬМЕРИЯ 32 8 6 18 34-60 30
20  БЕТИС 32 5 7 20 28-64 22

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров