Жарнама
Жарнама

Испан Примьерасы. Испандық трио

10.02.2014, 18:54
Жарнама
Жарнама
Осы маусымда ғана Сегундадан оралған “Вильяреал», бүгінгі таңда Чемпиондар Лигасының орнына таласуда. Екінші емес, үшінші емес, әрине төртінші орынға. Сынаққа, бүгін “Сантяго Бернабеу” стадионына қонаққа келді. Бірінші айналымда екі команда тең түсіп, ұпай бөліскен болатын. Егер сол ойынды тамашалаған жанкүйерлер болса, бірінші таймда “корольдік клубты” қалай састырғаны естерінізде болар “сары кемедегілердің”..  Бірақ, кубок ойынында, дербиде “Атлетиконы” сан соқтырған “Реалдың” көңіл күйі көтеріңкі. Сапында Роналду болмаса да, Бензама, Бэйл сияқты шабуылдың шеберлері жеңіске ұмтылатыны анық. Онымен қоса, әрбір сүрінгенін көзден таса қалдырмайтын “Атлетико” мен “Барселона” да бар дегендей.. Бұл текетірес “Реалдың” басымдылығымен өтіп, жеңіске жетсе де,  “Вильяреал” өзінің осал ұжым емес екенін тағы да бір дәлелдеді. Ойын басында қорғаушы Дороданың қателігін ұтымды пайдаланған Бэйл есепті ашты. Ал таймның бел ортасында, сол Бэйлдың пасынан кейін, Бензама есепті еселеді. Үзіліске 2 минут қалған кезде қонақтардың ойыншысы Марио Гаспар, әдемі соққысынан кейін, есепті қысқартып жанкүйерлер мен әріптестерінің көңілінде үміт отын ұялатқантұғын. Ал, екінші таймда Хесе Родригес есепті еселегенде, қонақтар тағы Джовани голынан кейін таблодағы санды қысқартты. Бірақ, жұлдызды команда тағы да есепті еселеп, енді ойынның аяғына дейін “Вильяреалға” гол салуға мүмкіндік бере қойған жоқ. Қанжығаларын 3 ұпамен майлаған Анчелотти шәкірттері, “Атлетиконы” басып озбаса да қуып жетті. Ал, Марселино Гарсия шәкірттерінің қайсарлығы болашақта грандтардың бас ауыртар мәселесіне айналар команданың құрылып жатқанын аңғартқандай.  

8 ақпан. Мадрид. Стадион "Сантьяго Бернабеу". Төреші - Хосе Луис Гонсалес (Кастилия-Леон).

РЕАЛ МАДРИД - ВИЛЬЯРРЕАЛ - 4:2 (2:1)
 Бэйл, 7 (1:0). Бензема, 25 (2:0). Марио, 43 (2:1). Хесе Родригес, 64 (3:1). Джовани, 69 (3:2). Бензема, 76 (4:2).
Реал Мадрид Вильярреал
 Диего Лопес  Серхио Асенхо
 Марсело, 18  Хауме Коста
 Серхио Рамос  Хосе Дорадо
 Пепе  Матео Мусаччьо
 Даниэль Карвахаль  Марио
 Лука Модрич  Мои Гомес, 63
 Асиер Илльярраменди  Хавьер Акино
 Анхель Ди Мария, 68  Бруно
 Хесе Родригес  Эду Рамос, 58
 Гарет Бэйл  Джовани
 Карим Бензема  Хонатан Перейра, 68
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Фабиу Коэнтрау, 18;46  Ману Тригерос, 58
 Альваро Арбелоа, 46  Хоан Анхель Роман, 63
 Хаби Алонсо, 68  Жереми Пербет, 68

Ескетулер:

   Хауме Коста, 54
   Марио, 59

 

Негізі, осы демалыс күндері футбол әлемін бір рет шалқасынан түсіргені бар. Ол Англияда “Арсеналдың” “Ливерпульға” ойсырай жеңілуі. Ал, “Атлетиконың” қонақта, жанын шүберекке түйіп, Сегундаға ұшып кетудің қамымен бас қатырып жүрген “Альмерияға” жеңілісі, футбол десе ішкен асын жерге қояр қауымды шалқасынан түсірмесе де, біраз таңғалдырды. Әрине, кейбір ойындарда грандтарға сәттілік теріс қарап, аутсайдерлермен сүрініп жататын кездері болады. Бірақ, бүгінгі ойын ондай емес, одан өзгешерек. Алаңда тең ойын өрбіді. Ал, ойынның 80-ші минутында, алаң қожайындарының жартылай қорғаушысы Верза, есепті ашты. 6 минуттан соң, матрасниктердің қақпашысы өзінің негізгі жұмысы қақпа қорғау екенін ұмытқан болуы керек, әріптесінің пасынан кейін қарсыласты алдап өтпекші болғанда, қарсылас допты тартып алып, ал Арансубианың тәртіп бұзудан басқа амалы қалмады. Алаңнан қуылды. Ол кезде “Атлетиконың” еншісіндегі 3 ойыншы алмастыру құқығы жүзеге асырылып қойылған болатын. Қақпаға алаңдағы ойыншы Габи тұрғанымен, Вирзаның соққысын қайтара алмады. Кестедегі шиеленіскен жағдай, одан әрі шиеленісті. Егер, “Барса” бүгін 3 ұпай еншілеп жатса, онда көш басындағы алтыннан үміткер 3 ұжымда да бірдей ұпай көрсеткіші болмақ.  

9 ақпан. Альмерия. Стадион "Медитерранео". Төреші - Фернандо Тейшейра Витьенес (Сантандер).

АЛЬМЕРИЯ - АТЛЕТИКО - 2:0 (0:0)
 Верза, 80 (1:0). Верза, 86-пенальтиден (2:0).
Альмерия Атлетико
 Эстебан  Даниэль Арансубиа
 Себастьян Дубарбьер  Хуанфран
 Марко Торсильери  Жоао Миранда
 Анхель Трухильо  Диего Годин
 Рафита  Хавьер Манкильо
 Рамон Азиз  Габи
 Верза  Тиагу Мендеш, 67
 Алекс Видаль  Арда Туран
 Фернандо Сорьяно, 58  Диего
 Сусо, 89  Рауль Гарсия, 78
 Джонатан Зонго, 90+3  Диего Коста, 68
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Элдер Барбоса, 58  Марио Суарес, 67
 Корона, 89  Хосе Эрнесто Соса, 68
 Оскар Диас, 90+3  Адриан, 78

Ескертулер:

 Фернандо Сорьяно, 43  Диего, 23
 Сусо, 58  Рауль Гарсия, 55
   Даниэль Арансубиа, 85

 

Бұрын-соңды орын алмаған жағдай орын алды Испан Примьерасында. Көшбасшы-үшеу, үшеуінде де бірдей ұпай. Қол ұстасқан екі мадридтік жұпқа бүгін католондықтар да келіп қосылды. Бірақ, бұндай жағдайдың орын алмауына “Севилья” кедергі бола алушы еді, егер бірінші таймдағы ойындағы басымдықтарын толықтай жүзеге асырғанда. Ойынның басында есеп ашты Мореноның голынан кейін, ары қарай еселейтін мүмкіндіктері болды. Андалусиялық ұжымның жомарттығын кешірмеген “Барса””, үзіліске қарай есепті теңестіріп қана қоймай, алға шықты. Тайм ортасында Санчес гол салса, аяқ жағында 2014-ші жылдағы Примьерадағы бірінші голын Месси тоғытты. Ал, екінші таймда католондықтар тағы екі гол салып есепті іріледі. Гол авторлары-сол Месси мен Фабрегас. Бұл маусым соңғы 4-5 жылдың ішіндегі ең қызықты маусым болып тұр Испанияда. Алғысты тек екі алпауытқа ғана емес, ерекше алғысымызды “Атлетикоға” да білдіреміз.

9 ақпан. Севилья. Стадион "Рамон Санчес Писхуан". 

 Төреші- Жиль Мансано (Дон-Бенито).

СЕВИЛЬЯ - БАРСЕЛОНА - 1:4 (1:2)
 Морено, 15 (1:0). Санчес, 34 (1:1). Месси, 44 (1:2). Месси, 56 (1:3). Фабрегас, 88 (1:4).
Севилья Барселона
 Бету  Виктор Вальдес
 Альберто Морено  Адриано
 Николас Пареха  Херард Пике
 Федерико Фасио  Марк Бартра
 Диогу Фигуэйраш  Мартин Монтойя
 Даниэл Каррису  Андрес Иньеста
 Иборра, 64  Хави, 83
 Витоло, 77  Александр Сонг
 Кевин Гамейро, 64  Педро, 73
 Иван Ракитич  Алексис Санчес, 89
 Карлос Бакка  Лионель Месси
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Петр Троховски, 64  Сеск Фабрегас, 73
 Денис Черышев, 64  Серхио Бускетс, 83
 Хайро, 77  Серхи Роберто, 89

Ескертулер:

 Даниэл Каррису, 39  Александр Сонг, 20
 Диогу Фигуэйраш, 70  Педро, 59
 Денис Черышев, 71  Виктор Вальдес, 68

 

Испан Примьерасының 23-ші турындағы қалған ойындардың нәтижелерімен таныс болыңыздар: Валенсия-Бетис-5:0 Голдар: Матье, 41(1:0). Пако Алькасер, 44(2:0). Фегули, 62(3:0). Пако Алькасер, 68(4:0). Варгас, 79(5:0). Эспаньол-Гранада-1:0 Гол: Морено, 79(1:0). Райо Вальекано-Малага-4:1 Голдар: Яго, 26(1:0). Арбилья, 28(2:0). Ларривей, 45+1(3:0, пенальтиден). Яго, 63(4:0). Яковенко, 72(4:1) Осасуна-Хетафе-2:0 Голдар: Риера, 6(1:0). Роберто Торрес, 88(2:0). Вальядолид-Эльче-2:2 Голдар: Коро, 34(0:1). Ману, 66(0:2). Осорио, 71(1:2). Осорио, 8(2:2). Реал Сосьедад-Леванте-0:0

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс Доп айырымы ұпай
1  БАРСЕЛОНА 23 18 3 2 63-17 57
2  РЕАЛ МАДРИД 23 18 3 2 65-24 57
3  АТЛЕТИКО 23 18 3 2 56-16 57
4  АТЛЕТИК 22 13 4 5 42-28 43
5  ВИЛЬЯРРЕАЛ 23 12 4 7 44-27 40
6  РЕАЛ СОСЬЕДАД 23 10 7 6 42-34 37
7  ВАЛЕНСИЯ 23 9 4 10 36-35 31
8  СЕВИЛЬЯ 23 8 7 8 42-41 31
9  ЛЕВАНТЕ 23 7 8 8 22-30 29
10  ЭСПАНЬОЛ 23 8 5 10 26-29 29
11  СЕЛЬТА 22 7 4 11 29-35 25
12  ЭЛЬЧЕ 23 6 7 10 22-34 25
13  ХЕТАФЕ 23 7 4 12 22-36 25
14  ОСАСУНА 23 7 4 12 21-37 25
15  АЛЬМЕРИЯ 23 7 4 12 24-41 25
16  ГРАНАДА 23 7 3 13 20-30 24
17  МАЛАГА 23 6 6 11 23-33 24
18  ВАЛЬЯДОЛИД 23 4 9 10 26-39 21
19  РАЙО ВАЛЬЕКАНО 23 6 2 15 25-52 20
20  БЕТИС 23 3 5 15 20-52 14
Сұрмергендер тізімі: 1) Криштану Роналду(Реал Мадрид)-22(5) 2) Диего Коста(Атлетико Мадрид)-20(4) 3)Антуан Гризманн(Реал Сосьедад)-15 4)Алексис Санчес(Барселона)-14 5)Карим Бензама(Реал Мадрид)-13   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров