Кәрі құрлықтың, тіпті дүние жүзінің клубтар арасындағы орталық матчы бүгін, Мадрид шаһарында өтпек. Атақты эль -класико! "Реал Мадрид"-"Барселона"!
Бұл командалар маусымда кем дегенде тағы бір мәрте(Испан Кубогінің финалы), егер де Чемпиондар Лигасының финалында кездессе 2 мәрте, жартылай финалында кездессе 3 мәрте жолдары түйіседі. Оны уақыт көрсетер, ал бүгін чемпионаттағы кездесу, бүгін чемпиондықтың тағдыры шешілмек. Корольдік клуб жеңіске жетіп жатса, католондықтарды 7 ұпайға озып алтын тағдырын шешпек. "Атлетико" кедергі жасағанның өзінде, "Реал Мадрид" маусымның қалған бөлігінде басымдылығын қолдан бере қоймас. "Барса" жеңсе, онда турнир кестесіндегі жағдай шиеленіскен үстіне шиеленісе түспек. Бүгінгі кездесу фавориті "Реал Мадрид" болады. Мәселе тек, өз алаңында ойнауында ғана емес, бұл команда 18 матч бойы жеңілістің ащы дәмін татпауда. Еуропадағы ғарышқа ұшып кеткен команданың біреуі "Бавария" болса, екіншісі, сірә, осы "Реал Мадри"д шығар. Ал, соңғы рет кімге жеңілді дейсіз ғой? Жауап қиын емес. Дәл осы "Барселонаға"! Иә, иә Тато Мартино баптайтын ұжымға. Камп Ноу алаңында 1:2 есебімен есе жіберген болатын. Одан кейін қанша уақыт өтті. Мадридтіктер кездескен қарсыласын талқандап келе жатса, керісінше католындықтардың жағдайы бөлек. Примьерада талай жеңілді. "Реал Сосьедадқа", "Вальядолидке" дегендей.. Кеше ғана "Рамос "бүгінгі "Барселонадан" ешкім қорықпайды"- деген. Қорықпайтыны қорықпаса да, қауіптенуге тұрарлық команда. Бәске бәрі тігілген, ар-намыс та, абырой да, түптеп келгенде осы жылғы Примьераның алтыны да!
"Барселона" әлі тірі! Иә, ол бұрынғыдай сұсты емес, Гвардиола кезіңдегі сияқты танкі емес, иә, аутсайдерлер де оларды жеңе алады, бірақ олар тірі! Аутсайдерлерге болса да, алыптарға өз есесін жібермейтін блаугрананы бүгін көрдік. Қорғаныста әлі де жамалмаған тесіктер бар, бірақ, голдарды қарша борататын шабуыл өті де бар. Месси де, Неймар да, бүгін жарады. Алдынғысы хет-трик жасап, 1 голға айналған пас берсе, соңғысы 1 пенальти, бір голға айналған пас еншіледі. Эль-класикода бұндай тартысты матч көптен бері болмаған еді. Алпауыттар кездесуінде Фабрегас, Пепе секілді симулация корольдерінің актерлық шеберліктері де болды, алаңнан қуылу да болды, бірақ оның бәрі нәтижелі есептің көлеңкесінде қалғаны анық. Көшбасында, тағы да шиеленіс. Соңғы жылдары көз үйренгендей алтыннан екеу ғана емес, екеуінің арасындағы "Атлетико" да дәмелі. Алтын тәжді кім киеді, болжау жасау қиын. Ал, дәл бүгінгідей кездесуден кейіне қиынның қиыны!
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Турнир кестесі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Біздің серіктес: FONBET