Жарнама
Жарнама

Испан Примьерасына шолу. Сүрінбеген алыптар.

08.01.2014, 02:06
Жарнама
Жарнама
Испан Ла Лигасы жаңа жылдық мерекелік үзілістен кейін қайта оралды. 2014-шы жылдың Испан чемпионатындағы бірінші матчы Малагада, “Ла Росаледа” стадионында, жергілікті командамен, көшбасшылардың бірі  “Атлетико”  арасында болады. Екі команда да өткен жылдың соңғы матчында жеңіске жеткен. “Малага”  қонақта “Эльчені”  жеңсе, мадридтік клуб “Левантеден” айласын асырған. Еуропа да, 1-ші қаңтардан бастап қысқы трансферлік маусым ашылған болатын.  “Атлетико”  сапы бір ойыншымен толықты. Харьковтық “ Металллистен” Хосе Эрнесто Сосаны кейін сатып алу құқығымен жалға алды.  Егер, екі команданың кездесу тарихына үңілер болсақ, командалар чемпионатта 60 рет кездесіп, оның 11 ойынында алаң иелері жеңіске жетсе, 38 мәрте  “Атлетико”  басым түсіп, 11 мәрте тең нәтиже тіркелген. Ойын өте баяу жылдамдықпен басталды. Бір-бірінің осал тұсын аңдығандай, екі команда да шабуылға асықпады. Давид Вилья, Диего Коста секілді сұр мергендерден “Малаганың” жаттықтырушысы Бернд Шустер қауіптенген болу керек, алаңға бес қорғаушыны шығарыпты. Бұл тактика 70-ші минутқа дейін өз жемісін берді. Тас қамал қорғаныстан тесік таба алма сергелдеңге түсті Диего Симоне шәкірттері. Тіпті, үш жыл қатарынан тең нәтижемен тарқасатындай көрінген екі команда, алаңнан. Бірақ, 70-ші минутта Адрианнын соққысын қақпашы Кабальеро қайтарғанымен, дер кезінде керек жерде  табыла кеткен  Кокеның  соққысынан кейін қақпасын голдан аман сақтап қала алмады. Маңызды голға қол жеткізген соң “Атлетико”,  допты да, территорияны да “Малагаға”  берді. Енді, бес қорғаушымен ойнаудың пайдасы тимесін түсінген Бернд Шустер,  алаңға қорғаушы Маркос Анхелеридың орнына шабуылдаушы  жартылай қорғаушы Педро Моралесты шығарды. Бұл ойыншының  арқасында “Малага” бірнеше шабуылдар ұйымдастырғанымен есеп өзгермеді.  Кезекті үш ұпайына қол жеткізген Атлетико кем дегенде бір тәулік, яғни “Барселона-Эльче” ойының аяғына дейін турнирдің 1-ші орнында болады. Малага-Атлетико-0:1(0:0)    Гол:      Коке 70 «Атлетико» жеңіске жетіп, «Барселонаны» 3 ұпай артта қалдырды. Енді, Херардо Мартино шәкірттері өз алаңында аутсайдер «Эльчені» жеңуі керек. Екі апта бұрын Барса қонақта Хетафены жеңсе, «Эльче» өз алаңында «Малагаға» есе жіберген болатын. Екі команда чемпионатта 38 мәрте кездесіп, кімнің жеңісте басым екені, айтпасада түсінікті. «Эльче» ешқашан «Камп Ноуда» 3 ұпай еншілеген емес. Ойынға католондық клуб сапынан Бускетс, Алвес, Куэнка қатыса алмайды. Бір қызығы, жақында командамен жаттығуға қатысса да, Мессиді ойынға қатысатын ойыншылар тізіміне енгізген жоқ. Ал, қонақтар сапынан алаңға Мануэль Эррера мен Дамиан Суарес шыға алмайды. Бұл матчтың «Барселонаның» жеңісімен аяқталатынына ешкімнің күмәні болмаған шығар. Әр таймда екі голдан салды «блауграна». Матч қаһарманы-Алексис Санчес. Еншісінде-3 гол. Тағы бір гол авторы-Педро.  4:0 есебімен жеңіске жетті.  Жалпы, әр турда бір қаһарман табылады, «Барселона» сапында. Алдыңғы турда  «Вильяреал» қақпасына дубль жасаған Неймар, өткен ойында «Хетафеның» қақпасына 3 гол салған-Педро, бүгін міне-Санчес өзінің хет-тригімен. Енді кім болар екен..?  Бәлкім  “аргентиналық гений”. Несі бар, ол да мүмкін.  Егер жаттықтыру кезінде жарақат алып қалмаса. Мартиноның, бүгін оны алаңға шығармағының себебі де осы шығар. Алда бізді эль-классикодан кем емес ойын күтіп тұр. Бірінші айналымның орталық матчы десек те артықтық етпес.  «Атлетико-Барселона».  Ех, көргенде арманда, көрмегенде арманда болмақ. Күтеміз асыға...     Барселона-Эльче-4:0(2:0)    Голдар:   Санчес 7                                      Педро 16                                      Санчес 63                                      Санчес 69   «Атлетико» мен «Барселонаның» ізінен қуып келе жатқан, корольдік клуб «Реал» да сүрінбеді. Аутсайдерлердің бірі «Сельтаны» қабылдаған «Реал», бірінші таймда шабуыл өтінде жарытып ештенке көрсете алмады. Керісінше, қорғаныста ұқыпты ойнаған қонақтар қауіпті шабуылдар жасап, есеп ашуға мүмкіндіктері болған. «Реалдың» мұндай жомарттықты кешірмейтіні белгілі. Үзілісте Анчелоттиден біраз сөз естіген болу керек, ойынның екінші бөлігінде жұлдыздың команданың ойыншылар бәрін өз орынына қойды. Есепті Бензама ашты. Ойынның аяқ жағында есепті еселеген Роналду, өз карьерасындағы 400-ші голын салды. Португалиялық сұр мерген Бэйлдың пасынан кейін дубль жасап, матч нүктесін қойды. Жеңіске жеткен Реал, бұл турда екі көшбасшыдан ұпай санын қысқарта алмағанымен, келесі турда міндетті түрде қысқартады. Себеп белгілі...   Реал Мадрид-Сельта-3:0(0:0)  Голдар:       Бензема 67                             Роналду 82                             Роналду 90+3         Севилья-Хетафе-3:0(1:0)      Голдар:         Витола 34                               Бакка 55                                Ракиитич 77   Валенсия-Леванте-2:0(1:0)  Голдар:            Пьятти 42                                 Фигули 73       Вальядолид-Бетис-0:0(0:0)             Альмерия-Гранада-3:0(2:0)   Голдар:         Дубарбьер 14                               Верза 28(пенальтиден)                               Видаль 79   Осасуна-Эспаньол-1:0(1:0) Гол:                   Сехудо 33     Реал Сосьедад-Атлетик-2:0(1:0) Голдар:              Гризманн 43                                   Пардо 90+3   Райо Вальекано-Вильяреал-2:5(0:3) Голдар:                Кастильо 66                                                       Уче 10                                      Кастильо 90+1(пенальтиден)           Пербет 12                                                                                                                          Пербет 41                                                                                                                           Уче 57                                                                                                                           Уче 64    

М

 Команда

ойын

жеңіс

тең

жеңіліс

Доп айырымы

ұпай

1

 БАРСЕЛОНА

18

16

1

1

53-12

49

2

 АТЛЕТИКО

18

16

1

1

47-11

49

3

 РЕАЛ МАДРИД

18

14

2

2

52-21

44

4

 АТЛЕТИК

18

10

3

5

26-23

33

5

 РЕАЛ СОСЬЕДАД

18

9

5

4

35-23

32

6

 ВИЛЬЯРРЕАЛ

18

9

4

5

32-20

31

7

 СЕВИЛЬЯ

18

8

5

5

35-29

29

8

 ВАЛЕНСИЯ

18

7

2

9

25-29

23

9

 ХЕТАФЕ

18

7

2

9

20-30

23

10

 ЭСПАНЬОЛ

18

6

4

8

22-24

22

11

 МАЛАГА

18

5

5

8

19-23

20

12

 ЛЕВАНТЕ

18

5

5

8

17-27

20

13

 ГРАНАДА

18

6

2

10

15-25

20

14

 АЛЬМЕРИЯ

18

5

4

9

20-32

19

15

 ОСАСУНА

18

5

3

10

15-28

18

16

 ЭЛЬЧЕ

18

4

5

9

16-27

17

17

 ВАЛЬЯДОЛИД

18

3

7

8

21-29

16

18

 СЕЛЬТА

18

4

4

10

21-30

16

19

 РАЙО ВАЛЬЕКАНО

18

4

1

13

18-45

13

20

 БЕТИС

18

2

5

11

15-36

11

    Жолдаған: Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров