Жарнама
Жарнама

Испандық БАҚ: “Атлетикодан” ойсырай ұтылған “Реал Мадрид” бар ашуын “Қайратқа” шығаруға дайын”

29.09.2025, 23:23

Испандық спорт басылымдары “Реалдың” “Қайратқа”қарсы матчы алдындағы көңіл-күйін талдап, ойынға болжам жасады.

Жарнама
Жарнама

“Атлетикоға” қарсы 5:2 есебімен болған ауыр жеңілістен кейін “Реал”ойыншыларының “көздерінде ашу мен ыза ойнап тұр” деп сипатталды. Испан журналистерінің жазуынша, бұл команда үшін тек кезекті матч емес – бұл өзін-өзі дәлелдеу, намысты қайтару мүмкіндігі.

“Реал” бұл ойынды жеңіспен аяқтап, жанкүйерлердің сенімін қайтарғысы келеді.

Бас бапкер Хаби Алонсо тактикалық өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, ал команданың көшбасшылары алаңға барынша күш жинаған күйде шығуға дайын.

Мадридтік клубтың жанкүйерлері де бұл ойынды ерекше күтуде, себебі олар командасының ауыр жеңілістен кейін қалай жауап беретінін көргісі келеді.

Осылайша, “Қайрат” пен “Реал” арасындағы матч тек футбол мерекесі ғана емес, “Реал” үшін психологиялық тұрғыдан да маңызды тексеріс болмақ. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров