Жарнама
Жарнама

Испандық «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду Португалия тарихындағы ең үздік футболшы атанды

17.01.2015, 23:36
Жарнама
Жарнама
Португалия тарихындағы үздік футболшыны анықтау Португалия футбол федерациясының 100 жылдығына орайластырылған. Үздікті жанкүйерлер интернетте дауыс беру арқылы анықтады.
Роналдудан басқа бұл атаққа Эйсебио және Луиш Фигу ұсынылған болатын. Криштиану Роналдудың өзі Испания Кубогының 1/8 финалында «Атлетикоға» қарсы қарымта ойынға дайындалуы себепті марапаттау рәсіміне келе алмады. Оның атынан жүлдені Роналдудың агенті Жорже Мендеш алды.

«Португалдық екеніме мақтанамын, себебі бізде осындай тамаша ойыншы бар», — деді Мендеш.

Роналду үш дүркін «Алтын доп» иегері. Ол үш клуб («Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид») сапында барлығы 402 ойын өткізіп, 290 рет көзге түскен. Ал Португалия құрамасы сапында 118 ойында алаңға шығып, 52 гол салған.XlgiV0UCVko
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров