Испанияның "Хетафе" клубы Конференция лигасының плей-офф кезеңінде "Тобылдың" қарсыласы болуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
Швейцарияның Ньон қаласында Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымының плей-офф іріктеу кезеңіне жеребе тартылды. Жеребе қорытындысы бойынша Қостанайлық "Тобылдың” турнирдің келесі кезеңіндегі ықтимал қарсыласы белгілі болды.
Егер “Тобыл” Белградтық "Партизан" клубынан өтсе, онда келесі кезеңде Испанияның "Хетафе” командасымен кездеседі. Плей-офф кезеңінің алғашқы ойыны 20 тамызға жоспарланған. Мирослав Ромащенко шәкірттері келесі кезеңге өткен жағдайда, алғашқы кездесуді сырт алаңда — Испанияда бастайды, ал қарымта ойын 27 тамызда Қостанайда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Тобыл” екінші іріктеу кезеңінде Литваның "Паневежис” клубымен кездескен болатын. Екі ойынның қорытындысы бойынша есеп тең (2:2) аяқталғанымен, пенальти сериясында қостанайлықтар 3:2 есебімен басым түсті. Енді үшінші іріктеу кезеңінде Қазақстандық клуб сербиялық "Партизанмен” күш сынасады.
Біздің серіктес: FONBET