18 жастағы Ламин Ямаль құрамада ойнауды абырой санамайтын секілді.
Осыдан бес күні бұрын бапкер Оскар де ла Фуенте Испания құрамасының қараша айындағы ойындарына қатысатын футболшылар тізімін бекіткен еді. Онда Ламин Ямальдың да аты көрінді. Алайда Оскар құрама аяқдопшыларын жалпы жаттығу жиындарына шақырту барысында қиындыққа тап болды. Команданың шабуыл шебінде өнер көрсететін Ламин Ямаль өзіндік себептерімен құрама қосынынан қалып қойды. Пубалгиямен ауырып жүрген футболшы бапкерге бірауыз себебін айтпастан өзінің тірліктерін бітіріп жүре берген. Футболшының жаттығу жиындарынан қалу себебін кеш естіген бапкер де ла Фуентенің бойын ашу-ыза кернеді. Ол осыдан бірнеше күндер бұрын “Барселона” сапында ойнаған футболшының құрамаға келгенде, табан-асты жарақаты асқынып кеткеніне сенбеуде. Бапкер 18 жастағы жас таланттың немқұрайлығына таңдана қарайтынын жасырмады.
Осындай жағдайдан кейін Оскар да ла Фуентенің Ямальға байланысты көзқарасы теріс жаққа өзгерітіні өтірік емес. Футболшы алдында ел құрамасы намысы тұрғанда, сылтауратудың керегі қанша.
Айта кетейік, жалпы Ламин фурия роха командасында 2023 жылдың қыркүйегінде дебют жасап, содан осы күнге дейін 23 матч өткізіп, 6 голдық көрсеткішін тіркеді.
Біздің серіктес: FONBET