Жарнама
Жарнама

Испания чемпионатының вингері “Ақтөбеге” қосылмақ

09.01.2026, 08:17

"Ақ-Қызылдардың" құрамы Аргентиналық легионерлермен толығуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Аргентиналық Ақтөбеге жол тарта ма?

Серый CARDINAL телеграм арнасының хабарлауынша, Ақтөбелік ұжымның назарына “Pibe” лақап атымен танымал Аугустин Пасторица іліккен.

Аугустиннің жасы 29-да, Аргентинаның U20  құрамасында ойнаған. Аргентинада туғанымен, бүкіл мансабын Испания футболында өткізуде. Қазіргі таңда Испанияның екінші дивизионындағы "Культураль Леонеса” клубының намысын қорғап жүр.

Бұл әлі басы ғана: "Ақтөбе” нағыз бомба трансферлер дайындап жатыр

Ең қызығы, Пасторицаның келуі алдағы трансферлердің ең ірісі емес көрінеді. Дереккөздің мәліметінше, "Ақтөбе" басшылығы алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі танымал есімдерді құрамға қосуды жоспарлап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров