Жарнама
Жарнама

Испания әлде Франция? Қазақстан құрамасының футболшысы топ-лигаға баруы ықтимал

Бүгін, 11:47

«Астана» түлегі Мақсат Абраев мансабын ТОП-5 чемпионаттың бірінде жалғастыруы ықтимал.

Мақсат Абраев
Жарнама
Жарнама

Бұл туралы «Кazakh_football_inside» телеграмм-арнасы мәлімдеді.

«Біздегі ақпарат бойынша “Астана” клубының түлегі 17-жастағы Мақсат Абраевты ірі деңгейдегі клуб сатып алуды жоспарлап отыр. Потенциалы жағынан Мақсат Абраев ірі чемпионаттарда өнер көрсете алатындай деңгейдегі ойыншы. Өткен маусымда QJ лига турнирінде үздік ойыншылардың қатарына енді», - делінген телеграмм-арнасының жазбасында.

Мақсат Абраев QJ League 2025  турнирінде 18 ойында 9 гол мен 7 ассисттің авторы болды. Сондай-ақ, сол қапталмен щабуылдайтын футболшы Қазақстан U 17, U 19 жастар құрама командасының да намысын қорғайды.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров