Жарнама
Жарнама

Испаниялық басылым Шерхан Қалмұрзадан қауіптене ме? 18 жасар қақпашы «Реалдың» жұлдыздарын тоқтатуы ықтимал

22.09.2025, 15:26

Испаниялық «Mundo Deportivo» сайты ЧЛ жалпы кезеңінің екінші турында өтетін «Қайрат» - «Реал» кездесуіне тоқталып, алматылық клубтың қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның өнерін тілге тиек етті.

Шерхан Қалмұрза
Жарнама
Жарнама

Алматылық клуб «Реалды» 30-қыркүйекте қабылдайды.

«Шерхан Қалмұрза гол салған командаласы Эдмилсон екеуі ең көп көзге түскен ойыншылар болды. Бұл жас қақпашы өткен кездесуді ешқашан ұмытпайды, өйткені, сол ойында есімі тарихқа енді. Ол өзінің дебютінде Юльманның пенальтиін қайтарып, өзінің бірінші кездесуінде пенальти қайтарған ең жас ойыншы болды. Одан бөлек, бірнеше керемет сэйв жасады. УЕФА берген мәліметке сай, Қалмұрза 18 жас 96 күнінде бұл турнирде ойнаған ең жас 3-қақпашы атанды. Сондай-ақ, ол Чемпиондар Лигасының тарихында 2017-жылы «Манчестер Юнайтедтің» футболшысы Энтони Марсьяльдің пенальтиін қайтарған «Бенфика» қапашысы Мвила Свилардан кейінгі ең жас екінші қақпашы болды. Енді қазақстандық жас қақпашының міндеті – өз алаңында мадридтік «Реалға» қарсы ойынға дайындалу. Басқаша айтқанда, Мбаппе, Винисиус пен компанияны тоқтатып көруі керек», - делінген материалда.    

«Қайрат» ЧЛ негізгі кезеңінің бірінші турында «Спортингпен» жолығып, 1:4 есебімен есе жіберді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров