Футбол аңызы Серхио Рамос Испаниялық "Севильяны" қаржылық дағдарыстан шығару үшін тарихи қадамға бармақ, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Реал Мадрид" пен Испания құрамасының бұрынғы капитаны шетелдік инвесторлармен бірігіп, Андалусиялық клубты толықтай сатып алу үшін 400 миллион еуро ұсынды.
Жоспар қалай іске аспақ?
Рамос бұл жобада жалғыз емес. Ол мәміленің басты тұлғасы болғанымен, негізгі қаржылық қолдауды Америкалық инвестициялық қор көрсетіп отыр. Инвесторлар тобы клубтың 100% акциясын иеленуді көздейді.
Қарыз мәселесі кедергі ме?
Мәміленің соңғы нүктесі сыртқы аудиттің нәтижесіне байланысты болмақ. Ресми дереккөздердің хабарлауынша, "Севильяның” қазіргі қарызы шамамен 180 миллион еуроны құрайды. Егер тексеріс жұмыстары сәтті өтсе, Рамос бастаған топ клубты басқару тізгінін ресми түрде қолға алады.
Рамос мансабын осы "Севильяда" бастаған. Енді ол клубты тек ойыншы ретінде емес, қожайын ретінде жаңа деңгейге шығармақшы.
Біздің серіктес: FONBET