Жарнама
Жарнама

Испания Хорватия құрамасын экстра-таймда жеңіп, ширек финалға жолдама алды

29.06.2021, 05:05
Қос команда жабылып жүріп сегіз гол соқты.
Жарнама
Жарнама

Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Испания құрамасы Хорватияны жеңді. Кездесу Копенгагендегі (Дания) "Паркен" стадионында өтіп, 5:3 есебімен аяқталды.

Испания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Педри матчтың 20-минутында қақпашы Унай Симонға пас берген еді. Ал Симон допты тоқтата алмай өз қақпасына гол соғып алды. 37-минутта Пабло Сарабия есепті теңестірді. 57-минутта қорғаушы Сезар Аспиликуэта Испания құрамасын алға шығарды.

Испания шабуылшысы Ферран Торрес Хорватия қақпасына Испанияның үшінші голын соқты. 85-минутта жартылай қорғаушы Мислав Оршич гол соғып, есеп айырмасын бір голға дейін азайтты. Қосымша уақытта Марио Пашалич таразы басын теңестірді.

Экстра-таймда Испания екі гол соқты: 100-минутта Альваро Мората, төрт минуттан кейін - Микел Оярсабаль көщге түсті. Ал "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Серхио Бускетс матчтың үздік ойыншысы атанды.

Еуроның 1/4 финалында Испания Швейцария құрамасымен ойнайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров