Жарнама
Жарнама

Испания құрамасы Италияны жеңіп, Ұлттар Лигасының финалына шықты

07.10.2021, 14:00
«Қызыл фурия» матч тағдырын бірінші таймда шешіп тастады.
Жарнама
Жарнама

УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалында Италия мен Испания құрамалары күш сынасты. Кездесу Италиядағы "Сан-Сиро" ("Джузеппе Меацца") стадионында (Милан) өтіп, 2:1 есебімен "қызыл фурияның" пайдасына аяқталды.

17-минутта Испания құрамасының ойыншылары бұл матчтағы алғашқы голды соқты. Ферран Торрес Микель Оярсабальдың қапталдан асырған пасын қақпаға дәл бағыттады.

Бірінші таймның соңғы минутында Ферран Торрес дубль жасады. Бұл жолы да Микель Оярсабаль допты "Манчестер Сити" ойыншысының басына қойып берді. Осыдан 3 минут бұрын матчтың бас төрешісі Сергей Карасев Италия құрамасының қорғаушысы Леонардо Бонуччиді алаңнан қуған еді.

83-минутта Италия құрамасының жартылай қорғаушысы Лоренцо Пеллегрини есеп айырмасын қысқартты. Бірақ жеңіс испаниялықтардың еншісінде қала берді.

Айта кетейік, Испанияның финалдағы қарсыласы бүгін түнде анықталады. Финалға берілетін екінші жолдаманы Бельгия мен Франция құрамалары сарапқа салады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров