Жарнама
Жарнама

Испаниялық журналист Ансу Фатиді «қылмыс жасайтын саудагерге» теңеді

22.10.2020, 22:59
Ансу Фати «Ференцварошқа» қарсы Чемпиондар Лигасының матчында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген еді.
Жарнама
Жарнама

17 жастағы Ансу Фати керемет ойынымен жанкүйерлерді естен тандыруда. Ал ABC басылымының Испаниялық журналисті оны қорлады: ол Ансудың жылдамдығын қылмыс жасаумен айналысатын саудагермен және полициядан қашып жүрген қылмыскермен салыстырды және Каталонияда Африкадан келген мигранттардың тым көп екенін айтып, ашынды.

Ансу Фати осы маусымды керемет бастады, 17 жастағы жігіт Ла Лиганың төрт ойынында үш гол соқты және Чемпиондар лигасында бір матч өткізіп, бір гол соқты, бір нәтижелі пас берді. Соңғы ойын оған Чемпиондар Лигасы тарихында 18 жасқа дейінгі футболшылар арасында ең көп гол соққан алғашқы ойыншы болуға мүмкіндік берді.

Бірақ Фатидің көңіл-күйі "Барселонадағы" басқа ойыншылар сияқты, ABC веб-сайтындағы мақаладан кейін тез бұзылды. "Ференцварошқа" қарсы матчтан кейін Фати туралы жазған журналист Сальвадор Сострес оны қылмыскерге теңеді.

"Ансудың жылдамдығы өте керемет. Ол Пасео-де-Грациядан (Барселона қаласындағы даңғыл) төмен қарай жүгіріп бара жатқан қылмыс жасайтын сатушыға ұқсайды, "Су, су!" - деп айқайлайды немесе полицияның келгенін хабарлайды. Бұл қала орталығындағы джунгли жаңғырығына ұқсайды. Енді мұндай жағдай орын алмайды, өйткені Ада Колау (Барселона қаласының мэрі) үшін қылмыскерлер мантерос (Африкадан қоныс аударушылар) емес, полициялар болып табылады, енді қашып жүрудің қажеті жоқ", - деп жазды Сострес.

ABC басылымының бұл мақаласын ешкім байқамайтын еді, егер Антуан Гризманн бұл постқа жауап бермеген кезде. "Барселонаның" шабуылшысы дау тудырған мақалаға ашуланып, өз пікірін білдірді: "Ансу кез-келген адам сияқты құрметке лайық ерекше бала. Нәсілшілдік пен дөрекілік көрсетудің қажеті жоқ".

Көпшілігі Гризманнмен келісіп, Сострестің басы бәлеге қалды. "Барселона" академиясының бұрынғы ойыншысы Марк Кросас ABC тілшісін "нәсілшіл бейбақ" деп атады, ал журналист Хосе Рамон де ла Морена журналисттің "бос сөздерін оқымауға" шақырды. Ал Гари Линекер: "Бұл жиіркенішті, Біз 50 жыл кері шегінгендей болдық", - деді.

"Барселона" өз кезегінде, ойыншыны жақтады және қазірдің өзінде ABC басылымы мен журналист Сальвадор Состресті сотқа беруге дайындалуда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров