Жарнама
Жарнама

Испанша шайқас. Тбилисиден фото-шолу

12.08.2015, 18:07
Жарнама
Жарнама
Грузия жеріндегі Еуропа Суперкубогінің ойыны жанкүйерлерді тоғыз голмен қуантып, алда келе жатқан еуромаусымның тамаша бастауы болды. "Барселона" Еуропаның үздігі екеніне күмән келтірмесе, Унаи Эмеридің "Севильясы" "кәрі құрлықтағы" ең жанкешті командалардың бірі екенін дәлелдеді. Екі жыл қатарынан Еуропа Лигасының алтының ешкімге бермеген андалуссиялық жігіттер, келер маусымда Чемпиондар Лигасында да дүркірейін деп тұр.Ендеше, сәттілік! Себебі, әр ойынды өз мінезімен шоуға айналдырып жіберетін "Севилья" секілді команданы Чемпиондар Лигасы да, жанкүйерлер де сүйеді. Өткен жылдардың "Боруссиясы" немесе "Атлетикосына" айналса таң қалмаңыз. Ал, "Аладоп" қос испандық ұжымның арасындағы супер-матчтан бірнеше фото ұсынғалы отыр. Сырты "Маракананы" еске түсіретін Тбилисидегі стадион тарихындағы үздік матчтардың бірін қабылдау алдында. -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Барселона - Севилья 5:4. Коноплянка забивает и проигрывает - изображение 5 Бәрі "Севильяның" голымен басталды. Банега осы бір әдемі голымен Мессиді жекпе-жекпе шақырған еді...  ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Выставка безумия. 5 выводов Суперкубка УЕФА Месси де сасқан жоқ. Банеганың бір голына, Лео айып добынан кейін соғылған қос голмен жауап қатты. Үздік қой, қайтесіз енді...  ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ Барселона - Севилья 5:4. Коноплянка забивает и проигрывает - изображение 6 Сонымен қатар, Аргентинаның алтын баласы бір оқпен екі қоянды атты. Мансабында тұңғыш рет бір ойында екі мәрте айып добынан гол соқты. Еурокубоктегі ойындарда 80-інші голын тоғытып, Роналдуды қуып жетті.  ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ Суарестің голынан кейін қаншама адам ұйқыға кетті десеңізші... Қызықтың көкесі алда еді-ау. ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Выставка безумия. 5 выводов Суперкубка УЕФА Есепті, жақында ғана "Днепрден" 20 миллион еуроға ауысып келген Евгений Коноплянка теңестірген болатын. Үш ай бұрын Еуропа Лигасының финалында "Севильяға" қарсы ойнаған украин халқының мақтанышы, бүгін Еуропаның Суперкубогінде гол салды. Алғашқы ресми ойыныңда. Анау-мынау емес, дәл "Барселонаның" өзіңе.  ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Пике бастаған "блауграна" қорғанысы екінші таймда "ұйықтады". Есеп 4:1 болғаннан кейін, бәрі шешілді деп ойласа керек. Алайда, "Севильяны" болжап болмайды. Қаһарға мінсе бәрін төңкереді.  ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Көзге ыстық басылады екен... Ракитичтің сол көзінің оң жағы. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Эмери-болашақта топ-клубты жаттықтыруға әбден лайықты. Мінезді жан. Командасына да сол мінезін сіңірді. Матчтың басынан аяғына дейін алаңның шетінде зыр жүгіріп жүреді. Командасы да сондай. Бір сәтке дамыл таппайды. Ал, Энрике Гвардиоланың жолын қайталасам дейді. 6 кубоктің 4-еуін алды. Әзірге бәрі тамаша.   --------------------------------------------------------------------------------------------------------------- "Барселонадан" кететіндер әдемі кетеді деуші ме еді? Хави үш алтынды мойынға іліп кетті. Педро да әне-міне Манчестерге аттанғалы отыр. Оны Энрике де, бірінші минуттардан Педроны емес, Рафиньяны алаңға шығарып мойындады. Экстра-таймда командасына көмекке шығып, матч тағдырын пенальтиге жеткізбей-ақ шешіп тастады "Барса" түлегі. Бәлкім, бұл Педроның соңғы матчы шығар. Солай-ау, негізі. Талантты футболшы. Сөзсіз. Бірақ, бар соры-Месси, Неймар, Суарес секілді әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен бір дәуірде туғаны.  --------------------------------------------------------------------------------------------------------------- "Блауграна" қырып келе жатыр. Енді, Испания Суперкубогі мен клубтар арасындағы Әлем чемпионаты қалды.    Фараби ӘБДІХАЛЫҚ      
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров