Барса сонау Пеп Гвардиола кезеңіндегі королдігін еске түсіргендей "Атлетиконы" таптауды жалғастырды. Симоне шәкірттерінің бар ойлап тапқандары тәртіп бұзу. 35-ші минутта Месси орталық алаңда допты қабылдап(әрине, қолмен ойнады), айып алаңның дәл алдына келгенде Суареске пас асырды. Суарес гол салды да, есепті 2:0-ге жеткізді. Сөйтіп, бірінші таймда Луис Энрике командасы қонақтардан толықтай басым түсті.
"Атлетико" есін тек екінші таймда ғана жинады. Месси мансабында тұңғыш рет пенальти еншіледі... Өз қақпасына. Хесус Гаместен допты тартып аламын деп шалып құлатты. Манджукич допты тура қақпашының қолы жетпестей етіп, дәл ортаға бағананың астына тепті. 2:1!
Бірақ, мадридтік команда Барса қақпасының алдында айтарлықтай жарытып тұшымды шабуыл ұйымдастыра алған жоқ. Өзіңе сенімді Пике, позциясын жоғалтпайтын Дани Алвес, Бускетс, Маскеранолар мүмкіндік бермеді. Ал, керісінше алаң иелері матч соңында әдемі шабуыл ұйымдастырды. Шабуылға Суарес те, Ракитич те, Неймар да, әрине Месси де қатысты. Сол Месси шабуылға да, таблодағы есепке де нүкте қойды. 3:1! Сөйтіп, Барсаның жұлдызды триосы да гол салып, команда сенімді жеңіске жетті. Ал, Испанияның чемпиондарынан қолынан келгені оңды-солды сары қағаздар алу..
Жауапты сәтте Луис Энрике командасы бірігіп, азулы қарсыласты тізе бүктірді. Кім айтады, ойында барын салып, тіпті қорғаныста да көмектескен Месси бас жаттықтырушың орнынан кеткенін қалайды деп? Ойынымен ол үшін күресуге дайын екендігін дәлелдеді. Әлем не айтса да, Барселонаның бүгінгі ойыны көңілден шықты. Ит үрер, керуен көшер..
"Барселона" - "Атлетико» Мадрид" 3:1 (2:0)
Голдар: Неймар, 12 (1:0), Суарес, 35 (2:0), Манджукич, 57 - пенальти (2:1), Месси, 87 (3:1)
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Біздің серіктес: FONBET