Жарнама
Жарнама

Италия – Бельгия

Бүгін, 11:58

Алдағы турлардағы ең тартысты ойын Италия мен Бельгия арасындағы матчтан күтіледі.

Кевин Де Брейне
Жарнама
Жарнама

А лигасындағы ең тығыз топ осы командалардікі деуге болады. Франция, Италия мен Бельгияның фонында Израиль не істеп жүр деген ой келеді. Алғашқы екі турдан кейін «Скуадра адзурра» 100 пайыздық көрсеткішпен бірінші орында тұр. Лучано Спалеттидің командасы сырт алаңда франциялықтардан айласын асырған (1:3). Келесі турда да сырт алаңда үш ұпай олжалап қайтты. Бұл жолы Израиль құрамасын ұтты (1:2). Өте сәтсіз Еуродан кейін италиялықтардың аяқ алысы керемет!

Бельгия да биылғы компанияның алғашқы турын сәтті бастады – сол осы топтың бейбағы болған Израильді аяған жоқ (3:1). Алайда, Италиядан ұтылған жаралы арыстандай Франияға еш қайратын өткізе алмады (2:0).  

Сонымен, екі турдан кейін екі жеңіспен Италия көш бастаса, Бельгия 3 ұпаймен үшінші сатыға жайғасуда. Ал бұл кездесуге біздің мынадай екі нұсқа ұсынамыз - екі команда да гол ұрады. Италия осы ойынды ұтып, бірінші орын мәселесін түпкілікті шешіп тастауға ұмтылатыны анық. Бельгияның да аянып қалмасы түсінікті. Бұл нұсқаға «Фонбет.кз» букмекерлік кеңсесі 1.82 деген коэфициент беріп тұр. Қос ұжым да гол соққанды жақсы көреді әрі әрқайсының құрамында мергендер жетерлік. Сондықтан, екі жақтан да гол көріп қаларымыз ықтимал.

Сосын мынадай нұсқа ұнап тұр – Бельгияның екінші таймдағы голы. Италия өзінің әдеткі дәстүріне салып, бірінші тайм жабық өтуі мүмкін ғой? Ал өткен турдан кейн командаластарына кәдімгідей өкпе артқан Кевин Де Брейненің өкпе-назынан кейін бельгиялықтар кәдімгідей серпілуі мүмкін. Бұл фактор қонақтарды қамшылайтыны анық. Алаң иелері қанша жабық болса да бұл кеште Бельгия кемінде бір гол ұрмай тынбайды. Ол допты біздің болжауымызша сол үзілістен кейін салып қалады. Бұл нұсқаға біздің серіктесіміз бақандай 2,08 коэфициент беріп тұр екен. Жаман емес деуге болады! 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров