Джанлуджи Буффон атасының немере ағасы саналатын Лоренцо Буффон 96 жасына келгенде дүние салды.
“Скаудра-адзурра” қақпашысының жүрегі тоқтап қалыпты. Бір ай шыдағанында Лоренцо 97 жасқа толатын еді.
Қайғылы хабардан кейін миланның қос клубы қақпашының туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты. Ол 1949 бен 1959 жылдар Миланда, 1960 пен 1963 жылдар аралығында Интерде өнер көрсетті. Буффон өзінің кәсіби мансабында 5 рет Италия чемпионы және 1 рет Латын Америка кубогынде жеңімпаз атанды.
Италия құрамасында Буффон 15 матч өткізіп, өз қақпасына 17 гол өткізді. Мансабын аяқтаған соң, ол біраз жылдар бойы “Миланның” скауті қызметін атқарды.
Біздің серіктес: FONBET