Марио Баллотелиге Дубайдың "Палм-Сити" командасы қызығушылық білдіріп жатыр екен.
БАӘ екінші деңгейлі дивизион командасы алдына үздіктер қатарына шығу жоспарын қойған екен. Ол мақсатта дубайлық ұжым шабуыл шебіне тәжірибелі футболшы қарастыруда.
Айта кетейік, осыдан екі күн бұрын “Палм-Сити” клубы АҚШ чемпионатында бірнеше рет үздік атанған Алехандро Посуэлоны қатарына қосты.
Марио Баллотели “Дженоадан” өткен жылдың жаз айында кеткеннен бері клубсыз жүр. Оған дейін шабуылшы “Адана Демирспор”, “Сьон”, “Монца”, “Брешиа”, “Марсель”, “Ницца», “Ливерпуль”, “Милан”, “Манчестер Сити” және ”Интер” клубтарында өнер көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET