Еуропа Чемпионатының топтық кезеңінің соңғы турында Италия Уэльс құрамасын жеңді. Кездесу Рим қаласындағы «Олимпико» стадионында (Италия) өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.
Италияның жартылай қорғаушысы Маттео Пессина 39-минутта Марко Верраттидің айып добынан берген пасын голға айналдырды. 55-минутта Уэльс құрамасы он адаммен қалды - Итан Ампаду қызыл қағаз алды."Ювентус" футболшысы Федерико Кьеза матчтың үздік ойыншысы атанды.
"Скуадра Адзурра" 9 ұпай жинап, А тобында бірінші орынды иеленді Уэльс (4) екінші орында тұр. Швейцария да 4 ұпай жинады, бірақ доп айырмасы бойыншы үшінші орынға түсті. Түркия (0) - соңғы орын алып, турнирмен қош айтысты.
Біздің серіктес: FONBET