Жарнама
Жарнама

Италия, Испания, Германияның кубок ойындарына шолу

13.02.2014, 20:25
Жарнама
Жарнама
Испания Кубогының  жартылай финалының  қарымта  ойындары болып өтті. «Атлетико» мен «Реал Мадрид» «Висенто Кальдерон»  стадионында жолыққан болатын. Алғашқы ойын «Реал Мадридтің»  айқын басымдылығымен өтті. «Сантьяго Бернабеуде»  «Реал»  жауапсыз 3 гол соқты. Есе қайтару үшін «Атлетико Мадридке» оңайға соқпайтыны анық. Сонымен, осы ойынға қысқаша шолуымызды жасап өтелік. Ойын жақсы қарқынмен басталды. Қос команда да алма-кезек шабуылдар өткізіп жатты. Бұл текетірес «Реалдың» басымдылығымен өтті. Алғашқы минуттардан-ақ қонақтар есепте алға шықты. Криштиану Роналду 11 метрлік айып добынан мүлт кеткен жоқ. Арада он минут өтпей-ақ жатып Роналду дубль атанды. Каролдік клуб финалға шығуға мүмкіндікті   «Сантьяго Бернабеуде» жасап қойған.Бірақ, алда әлі уақыт бар, кім біледі «Реал» дегенінен жаңылып, «Атлетико» тамаша нәтижеге жетіп жатса. Осы қарқынмен бірінщі таймда соңына жетті.  Екінші таймда ойыншылар ауысты демесеңіз, ойында еш өзгеріс ене қойған жоқ. «Реал» 90- минут бойы өз басымдылығын сақтап қалды.е Деседе, үндістерге есепті теңестіру мәртебесі бұйырмады.  Сонымен «Атлетиколықтар» соңғы үш ойында да қарсылас қақпасына гол соға алмай келуде «Атлетико» - «Реал Мадрид» 0:2 (0:2) 11- ақпан.Мадрид. «Висенто Кальдерон» алаңы. Голдар: Криштиану Роналду, 7- пенальтиден (0:1).Криштиану Роналду, 16- пенальтиден (0:2). «Атлетико» (Мадрид): Арансубиа, Инсуа (Хуанфран, 46), Миранда, Алдервейрелд, Хавьер Манкильо, Соса, Коке, Рауль Гарсия (Габи, 61),Марио Суарес, Диегу (Адриан, 46), Родригес «Реал» (Мадрид):  Касильяс, Арбелоа, Серхио Рамос(Начо, 46), Варан, Карвахаль, Иско, Ильярраменди, Хаби Алонсо, Модрич (Касемиро, 66), Бэйл, Криштиану Роналду (Хесе,76).   «Барселона»  финалға шығатын мүмкіндікті «Комп Ноуда» жасап қойған болатын. Деседе,   «Реал Сосьедад» өз алаңында тырысатыны анық. Бірақта Каталондықтарды тізе бүгу қиының-қиыны екені баршаға аян. Лионель Месси 27-минутта есепті ашқанда «Реал Сосьедадтың» үміті үзілгендей. Алаң иелері алашқы таймда  Пинто қақпасына тура соққы бағыттауа шамасы жетпеді. Екінші таймның соңына таман Гризманн еепті теңестірді. Бірақ бір голмен финалға шығу мәртебесі «Реал Сосьедадқа» бұйырмады. «Реал Сосьедад» : «Барселона» 1:1 12-ақпан. «Аноета» алаңы Голдар: Месси 27 (0:1) Гризманн 87 (1:1) «Реал Сосьедад» (Сан Себастьян):  Эньят Субикарай, Гонсалес, Ансотеги Ион, Хосе Анхель, Гастаньяго( Элустондо, 67), Сальдуа, Давид Зурутуса,  Хаби Прието( Каналес, 81) Гризманн, Харис Сеферович (Гонсоло Кастро, 62)  Карлос Вела «Барселона» (Барселона):  Пинто,          Даниель Алвеш, Пике, Маскерано, Альба, Фабрегас, Иньеста, Хави (Александрь Сонг, 66), Серхио Бускетс(Бартра 90), Педро(Санчес, 77), Месси, _______________________________________________________________________________________________________ Италияның Флоренция қаласындағы «Артемио Франки» стадионында  «Фиорентина» мен «Удинезе» командалары жолықты. Италия Кубогындағы жартылай финалдық ойын, қарымта матч.Алғашқы ойында «Удинезе» өз алаңында жеңіске жеткен. Ойын бір қалыпты басталды. Алаң иелері ойын тізгінін өз қолдарына алды. Соның нәтижесінде алғашқы минуттарда есепті ашты.   Хоакиннің тамаша пасын  Мануэль Паскуаль голға айналдырды. 61- минутта  Куадрадо екінші голды өз еншісіне жазды. Осы нәтижемен «Фиорентинаға» финалға шығуға толық мүмкіндік бар.Ойын соңы шиеленіспен аяқталды. «Удинезелік»  Домицци алаңнан куылды. Қорғаушысынан айырылған қонақтар жеңіліс тапты.   «Фиорентина» - «Удинезе» 2:0 (1:0) 11-ақпан.Флоренция. «Артемио Франки» алаңы. Голдар: Мануэль Паскуаль, 14 (1:0). Куадрадо, 61 (2:0) Алаңнан қуылды: Домицци, 90+7 «Фиорентина» (Флоренция):  Нето, Савич ( Марвин Комппер, 61), Диаките, Гонзало Родригес, Мануэль Паскуаль, Давид Писарро, Куадрадо, Фернандес, Хоакин(Хуан Варгас 89), Аквилани, Матри (Ридер, 57) «Удиезе» (Удине):  Скуффет, Домицци, Видмер, Габриэль Силва (Хассан Йебда, 90+1), Томас Эрто, Данилу, Аллан, Бруну Фернандеш, Перейра, Джампьеро Пинци (Луис Муриэл, 57), Ди Натале (Николас Лопес, 80), «Наполи» алғащқы ойында жеңіліс тапқан болатын. Қасқырлар өз алаңында жеңіске жете білді. Бірақ, «Сан-Пао» алаңында ойсырай ұтылды. «Наполи» Де Санктис қақпасына жауапсыз үш гол тоғытты. «Наполи» - «Рома» 3:0 12-ақпан. Неопаль. «Сан Пао» алаңы Голдар: Кальехон 33 (1:0) Игуаин 48 (2:0) Жоржинью 51 (3:0) Алаңнан қуылды: Стротман   «Наполи» (Неопаль): Рейна,Мертенс Антони Ревейер,Фернандес,Фаузи Гулам,Рауль Альбиоль, Кальехон, Жоржинью(Энрике 85), Маджо, Хамшик   (Бехрами, 76), Инлер (Инсинье, 82 ), Игуаин. «Рома» (Рим):  Де Санктис, Каштан, Бенатиа, Торосидис  (Майкон 49),Стротман, Де Росси, Пьянич(Тотти 61), Мишел Бастос, Ляич, (Флоренци , 56) Жервинью, Дестро ________________________________________________________________________________________________________ Германия Кубогының ширек финалдық ойындары болып өтті. Ірі есептер мен сенсациялар орындалды.  «Дортмундты» жартылай финалға алып шыққан  Пьер-Эмерик Обамеянг. «Хоффенхайм» мен «Вольфсбургтың» айқасы.  «Кайзерслаутернның» қаһарманы  Рубен Йенссен. «Баварияның»  «Гамбургты» тас талқандауы. «Айнтрахт» өз алаңында «Дортмундтың Боруссиясын» қабылдады. Германиялық маман Армин Фех жаттықтыратын «Айтрахт» командасы жартылай финалға шығу үшін қолдан келетін бар мүмкіндікті жасады. Бірақ, өткен жылы Еуропаның мықты клубтарын есеңгіреткен Юрген Клопп шәкірттеріне гол соғуға шамасы келмеді. Осы жылы «Дортмундтықтар» ойыны жүрмеуде, оған басты кедергі мықты ойыншылардың жарақаттан көз ашпауы. «Айнтрахт» ойынды жақсы қарқынмен бастады.Деседе мықты команда өз үстемдігін жүргізетіні анық. Алаң иелері соңғы минуттарға дейін тең дәрежеде ойын өрнегін көрсетті. «Дортмундты» жартылай финалға алып шыққан Габондық талантты ойыншылардың бірі  Пьер-Эмерик Обамеянг. «Айнтрахт» - «Дортмунд» 0:1 (0:0) 11- ақпан. Франкфурт. «Коммерсбанк Арена» алаңы. Голдар: Пьер-Эмерик Обамеянг 83 (0:1) «Айнтрахт» (Франкфурт):  Трапп, Самбрано, Себастьян Юнг, Джакпа,  Мадлунг, Флум (Вайс, 84)  Себастьян Роде, Айгнер, Майер, Кадлец, (Ян Розенталь, 46) Русс «Боруссия» (Дортмунд):  Вайденфеллер, Шмельцер, Пищек, Мануэль Фридрих, Ройс, Шахин, Гросскройц,  Мхитарян (Йонс Хофманн 90), Кель, Левандовски, Пьер-Эмерик Обамеянг (Шибер, 90+4)   «Кайзерслаутерн» ширек финалда Леверкузендік Байерді тізе бүктіреді деп кім ойлаған. Бірақ, доп домалақ, футболды алдын ала ешкім болжай алмайды. Марко Курц шәкірттері 120 минут бойы қорғаныста өте сақ ойнады. Екі тайм бойы тең ойнап, қосымша минуттарда өз мүмкіндіктерін пайдалана білді. Қонақтар 114-минутта  Идриссудың тамаша пасын   Рубен Йенссен голға айналдырды. Гол соққан сәтте қосымша таймның алғашқысыда тәмәмдалған болатын. Екінші қосымша таймда алаң иелері есепті теңестіруге тырысты.Бірақ,қолдарынан келмеді.Есеп өзгермеді, қонақтар жеңіс тойын тойлады. «Байер» : Кайзерслаутерн» 0:1 (:) 11- ақпан. «Бай-Арена» алаңы. Голдар: Йенссен 114 (0:1) «Байер» (Леверкузен):  Лено, Өмер Топрак. Донати, Вольшайд, Рольфес, Ларс Бендер (Кастро, 66), Эмре  Кан, Сидней Сэм (Хегелер 66), Дердйиок  (Кислинг, 34 ), Сон «Кайзерслаутерн» (Кайзерслаутерн): Зиппель, Дик, Шимунек(Хейнтс, 112), Марк Торрехон, Лев, Алуш, Маркус Карл, Матмур, Ринг(Идриссу, 71), Йенссен, Оксеан (Лакич, 85) «Имтех Арена» алаңында 90 минут бойы Мюнхендіктер өз үстемдіктерін жүргізді. «Гамбургтың» Нойер қақпасына гол соғуға шамалары жетпеді. Пеп шәкірттері Адлер қорғаған қақпаға голды тоқтаусыз салды.  Алғашқы болып Марио Манджукич гол соқты . Арада бес минут өтпей жатып қорғаушы Данте есепті еселеді. Екінші таймды да жақсы қарқынмен бастаған «Бавария» гол соғуын тоқтатпады. 54-минутта Роббен гол соқты, артын ала Манджукич 2 минуттың ішінде қос голдың авторы атанды. «Бавария» жартылай финалға еш кедергісіз өтті. «Гамбург» :  «Бавария» 0:5 11-ақпан. «Имтех Арена» алаңы. Голдар: Манджукич 21 (0:1), Данте 26 (0:2), Роббен 54 (0:3), Манджукич 74 (0:4), Манджукич 76 (0:5), «Гамбург» (Гамбург):  Адлер, Вестерманн, Янсен, Иличевич, Джон Джонатан Тах, Жи Гин Лам, Хакан Чалханоглу(Жак Зуа,71), Бадел (Буй, 72), (Толғай Али Арслан, 40) Ван Дер Варт, Ринкон, «Бавария» (Мюнхен):  Нойер, Данте, Боатенг (Мартинес, 49), Алаба, Рафинья, Кроос, Робен, Марио Гетце, (Шачири, 64) Лам,Тиаго Алькантара, (Швайнштайгер, 65) Манджукич   «Хоффенхайм» - «Вольфсбург» 2:3 12- ақпан. «Рейн Некар Арена» алаңы Голдар: Родригес 26-пенальтиден (0:1), Роберту Фирмину 38 (1:1),  Родригес 44-пенальтиден (1:2),Дост 64 (1:3), Роберту Фирмину 90+1 (2:3) Алаңнан қуылды: Рикардо Родригес. «Хоффенхайм» (Зинсхайм):  Кастеелс Коэн, Абрахам, Вестегаард, Никлас Зюле,  Полански (Шипплок, 67), Фирмину, Штробль, Салихович, Себастьян Руди, Фолланд ( Хамад, 82), Эльюнусси (Модесте, 61) «Вольфсбург» (Вольфсбург):  Диего Бенальо, Налду, Кнохе, Рикардо Родригес, Охс (Медоевич, 45), Перишич, Луис Густаво, Арнольд (Олич, 74) Кристиан Треш, Де Брюин, Бас Дост (Шефер,74 ) ________________________________________________________________________________________________________ Жолдаған:  Жанабек СЕЙТІМОВ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров