Роберто Манчини жаттықтыратын Италия құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Швейцария құрамасымен тең ойнады (0:0). Осылайша, "Скуадра Адзурра" 36 ойында қатарынан ұтылған жоқ. Бұған дейін бірде-бір ұлттық құрама мұндай нәтиже көрсете алмаған.
Бұған дейінгі рекорд 2007-2009 жылдар аралығында 35 матч бойы жеңілістің дәмін татпаған Испания құрамасына тиесілі болған еді. Сондай-ақ 1993-1996 жылдары Бразилия құрамасы да 35 матч бойы жеңілмеген екен.
Италия бес ойында 11 ұпай жинап, С тобының көш бастап тұр. Екінші орында швейцариялықтар тұр. Олар үш кездесуде 7 ұпай жинады.
Топ жеңімпазы 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Екінші орындағы команда плей-офф кезеңінде ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET